{metadescription}
Астанада балабақшадағы оқыс оқиғаға кінәлілер жазаланды
Астанада балабақшадағы оқыс оқиғаға кінәлілер жазаланды

Астанада балабақшадағы оқыс оқиғаға кінәлілер жазаланды

Астанада 15 тәрбиеленушісі уланған балабақшаның жауапты басшылары жазаланды. Олқылық жіберген мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі мен медбикесі жұмыстан қуылған.

Себебі балабақшадағы оқыс оқиға санитарлық талаптардың ескерілмегенінен  болған. Яғни , балаларға мерзімі өткен тамақ берілген болуы мүмкін. Ал оны қадағалауы тиіс меңгеруші мен медбике жағдайды бақылаусыз жіберген. Ұл-қыздарға нақты диагноз мен олардың қандай азықтан ұшынғаны әлі тексеріліп жатыр. Айта кетсек, бір апта бұрын Астанадағы №36 мектепке дейінгі мекеменің 9 бүлдіршіні мен олардың тәрбиешісі астан уұшынып   ауруханаға түскен болатын. Қазіргі кезде 3 бала мен бір тәрбиеші әлі де ем қабылдап жатыр. Осы жәйттен соң Елордадағы балабақшаларда тексеріс күшейген.

Жазира Асанова, Астана қаласы Білім басқармасы баспасөз-хатшысы:

– Қазіргі уақытта біз мемлекеттік балабақшаларды және мемлекеттік тапсырыс бар балабақшаларды тексеріп отырмыз. Әрине біз жекеменшік балабақшалардың  басшыларымен де кездесеміз. Өйткені бұл мәселе өте күрделі болып саналады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде