{metadescription}
Еліміздегі емханалар адамдарды алаяқтық жолмен тіркеуге  кірісіпті
Еліміздегі емханалар адамдарды алаяқтық жолмен тіркеуге  кірісіпті

Еліміздегі емханалар адамдарды алаяқтық жолмен тіркеуге кірісіпті

Медициналық мекемелер азаматтардың аты-жөнін рұқсатсыз және бір де бір құжатсыз өздеріне  жазып қойғаны анықталған.

Заң бойынша, тіркелу үшін емханаға тұрғынның өзі баруы тиіс. Ал ақ халаттылар болса, жалған жарнамамен адам тартуға көшкен. Тіпті, азаматтардың сыртынан шешім қабылдап жатқандар да бар. Медициналық мекемелердің бұлай жанталасуы түсінікті де. Өйткені, міндетті медициналық сақтандыру іске қосылса, әр науқастың соңынан емханаға ақша түседі. Яғни, адамның барынша көп болғаны тиімді. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қоры дәрігерлер арасындағы заңсыз бәскелестікті жою үшін «Халықтық бақылау» деп аталатын қосымша іске қосыпты. Енді емханаға ұялы телефон арқылы тіркелуге болады. Оны кез-келген адам қалта телефонына көшіріп алып, пайдалана алады. Яғни, емханаға барудың қажеті жоқ. Қосымша арқылы аурухана мен емхананың жұмысын, дәрігерлердің науқасқа деген қарым-қатынасын бағалауға да болады.

Елена Бахмутова, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының төрайымы:

-Жұрттың пікірі өте маңызды. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғанда медициналық мекемелерге сараптама жасап, рейтингін анықтау үшін қажет. Онлайн-тіркеу емханалардағы заңсыздықты жою үшін де маңызды. Қазір жаңа жүйе «Электронды үкімет»  порталында ашық тұр. Бірақ былтыр бұл қызметті тек 29 мың адам пайдаланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде