{metadescription}
Семейде апатқа түскен автобус жолаушыларын люк арқылы шығаруға тура келді
Семейде апатқа түскен автобус жолаушыларын люк арқылы шығаруға тура келді

Семейде апатқа түскен автобус жолаушыларын люк арқылы шығаруға тура келді

Семейде де жол апаты. Жолаушылар мінген автобус аударылып, салдарынан үш адам зардап шеккен. Жараланғандар дәрігер көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Темірбек Шошаев, травматолог-дәрігер:

-Үшеуінде де орташа жарақаттар. Екеуінде төменгі аяқ бөлігінің жаншылған жарақаты болды. Ал үшіншісінде миы шайқалған. Ол кісіні біз жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жібердік. Нейрохирургтан кеңес алуға.

Оқиға, Шығыс кентінде таңғы уақытта болған. 56-шы бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісі тайғанаған кезде рөлге ие бола алмай қалыпты. Соның салдарынан автобус бірден жолдың шетіндегі еңіске аударылып түскен. Осы мезетте салонда 9 жолаушы болыпты. Оларға, жолда кетіп бара жатқан көліктер қаз-қатар тоқтап көмек қолын созған. Осылайша дүйім жұртқа автобус ішіндегі  жолаушыларды төбесіндегі люк арқылы далаға шығаруға тура келді. Сонымен қатар, қытайлық көліктің аударылуына жауған қар да себеп болған сыңайлы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.