Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам опат болды
Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам оқиға орнында мерт болды. Олардан өзге 8 жолаушы ауруханаға түскен.
Автор: Саят Сабдалы
15.02.2018
Мына апат Қарағанды мен Қарқаралы ауданы арасындағы тас жолында болған. Нива мен Тойота көліктері бетпе бет соқтығысуы салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары қаза тапты. Жарақат алған тағы 3 адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, Қарағанды – Жезқазған тас жолында да Лада мен Тайота көліктері бетпе бет соқтығысқан. Мұнда да екі көліктің жүргізушілер сол орында тіл тартпай кеткен. Түрлі жарақат алған 5 жолаушы Абай аудандық ауруғанасына жатқызылды. Қазір полиция осы апаттардың себептерін анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!