{metadescription}
Астананың жеңілісіне бас бапкер демеушілерді айыптады
Астананың жеңілісіне бас бапкер демеушілерді айыптады

Астананың жеңілісіне бас бапкер демеушілерді айыптады

Станимир Стойловтың айтуынша, демеушілер ойыншыларға сыйақы бермейді. Ал «Спортингтің» келесі кезеңге өтетінін қазірден-ақ мойындап қойған. «Астана» сырт алаңда тек намыс үшін ғана ойнамақ. Футболдан УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсеткен «Астана» кеше Португалия чемпионынан 1:3 есебімен ұтылған еді.

«Астана» мен «Спортингтің» кездесуі әдеттегідей алыпсатарлардың айғайымен басталды. Билетті 2-3 еселеп сатып жүрген делдалдар  стадион алдында еркін кезіп жүр. Өз клубы үшін барынша кошемет көрсеткен жанкүйерлердің де көңілі көтеріңкі еді. 30 мың адам «Астана Аренаны» лық толтырды. Сөйтіп отырғанда бірінші голды біздің жартылай қорғаушы Марин Томасов салады деп кім ойлаған?!

Бұл қуаныш бірінші таймның аяғына дейін ғана жетті. Лиссабондық қонақтардың екінші таймға шығуы сол екен, біздің қақпаға топырлатып-ақ жіберді. 10 минутта қатарынан 3 гол кірді. Алаңдағы шаруа осымен бітті. Тек 30 мың адам ойынның соңына дейін құр отырмайық дегендей, қолдау көрсетумен болды. Бірақ, біразының аяғына дейін көруге дәті шыдамапты.

-Бірінші салғаннан кейін ұтады ғой деп ойлағанбыз. Артынан масқара болды.

-Қазақта ешқашанда мұңаймаған ғой. Әрқашан тойлай білетін халық. Енді ұтылсақ та көңіл-күй көтеріңкі.

Бейбіт Шүменов, кәсіпқой боксшы:

-Плей-оффқа бірінші рет, бұл тарихи жағдай, бірінші рет шыққанымыз. Сонда да ойын өте қызық болды. Өкінішті нәтиже болды. Бірақ, басында жақсы бастаған еді. Ойын өте мықты болды.  

Командасы ұтылса да көңілі мұңаймаған жанкүйерлердің арасында біздің футболды плей-офф дәрежесіне жеткізген «Астанаға» рахмет айтып жатқандар көп. Олар өз командасына әлі де сенеді. Сенбейтін тек бас бапкер ғана. Станимир Стойловтың айтуынша, «Спортинг» келесі кезеңге сөзсіз өтуі тиіс. Ал «Астана» Лиссабонға тек әдемі ойын үшін ғана барады. Бірақ, ол ойсырай ұтылған ойыншыларына емес, ақша бермей зарлатқан демеушілерін кінәлап бұлқан-талқан болды.

Станимир Стойлов, «Астана» футбол клубының бапкері:  

-Біздің демеушілеріміз «Астананың» алға жылжуын анық қалап отырған жоқ. Жыл бойы тиесілі сыйақымызды бермеді. Екі жылдан бері ала алмай келе жатқан сыйақыларымыз бар.  Осыдан кейін қалай жұмыс істеуге болады? Футболшыларға қазір не деп ұрсамын? Мынаны Еуропада біреу естісе, «Астана» жеңеді дегенге мүлде сенбес еді.

Елордалық клуб енді араға апта салып, «Португалияға» қарымта қайтаруға барады. Екі кездесудің нәтижесі бойынша жеңіп шыққаны келесі кезеңге өтеді. «Астана» ұтылған күннің өзінде, УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан тұңғыш қазақстандық клуб ретінде тарихта қалмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.