{metadescription}
Ақмола облысында ана мен бала өрт құрбаны болды
Ақмола облысында ана мен бала өрт құрбаны болды

Ақмола облысында ана мен бала өрт құрбаны болды

Ортақ ауылындағы үйде түн ішінде тұтанған өрттен 61 жастағы әйел мен оның ұлын ешкім құтқара алмады. От электр жылытқышынан шыққан деген болжам бар.

Үңірейген терезесі болмаса, мына үйде түнде алапат өрт болып екі адамның өмірін жалмады дегенге сене алмайсың. Сондықтан да болар, таң атып, далаға шыққан көршілері шатыр астынан біртіндеп шыққан түтінді көріп қана құтқаруға ұмтылған. Бұл уақытта өршіп кеткен қызыл жалын үйдің ішін түгел жалмап үлгерген. Өрт түнде тұтанса керек. Зейнеткер әйел ұйықтап жатыпты. Ал оның 35 жастағы ұлы Ерболат Данияров үстінде кітап оқып отырып, қалғып кетуі мүмкін. Өйткені тұрғындар оның денесін үстол басынан өлі денесін шығарған. Олар өрт сөндірушілер келгенше ауыл болып жабылып, мектептегі су құбырына шлангі жалғап, қызыл жалынды өздері ауыздықтаған. Бірақ бәрі де кеш еді.

Әсет Дүйсенбин, марқұмдардың туысы:

-Ащы өлім. Не айтарымызды да білмейміз. Мұндай жағдайды біз күткен де жоқпыз. Мұндай болады деп кім ойлаған?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде