Алматыда ақша жеген құтқару қызметтерінің басшылары сотталды
Жемқорлық емес алаяқтық! Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро құрықтаған «ҚазАвиаҚұтқару», «ҚазАвиаОрманҚорғау» мекемелері экс-басшыларының пара алғандары сотта ақыры дәлелденген жоқ. Десе де, Мәлік Досымбеков шетелдік компания аударған 50 мың долларды алып келе жатқан жерінен ұсталған еді. Әрі сол кезде мұның пара екені, қыруар қаржыны екеуінің бірге талап еткені айтылған. Бірақ, судья мұның бәрін жоққа шығарды. Яғни, сотталушылардың бірі қатты мұқтаж болып, қыруар қаржыны алаяқтық жолмен иемденбек болыпты. Аса ауыр қылмыс бойынша ақталғанымен, ескі достар қызметін асыра пайдаланғандары...
16.02.2018
ін темір торға аттанған.
«ҚазАвиаҚұтқару» компаниясының бұрынғы басшысы 7 жылын түрмеде өткізеді. Мәлік Досымбеков мұндай жазаны басшылық қызметін асыра пайдаланғаны үшін арқалады. Соның бір көрінісі - ол іссапарға шыққанда қоластындағы бухгалтерін мәжбүрлеп, өзіне артық ақша жаздыртқан. Негізі қос сотталушы шілдеде ұсталған болатын.
ЗКТ-1 Досымбековті жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро 50 мың долларды алып келе жатқан жерінен құрықтады. Әрі сол кезде мұның пара екені, қыруар қаржыны екеуінің бірге талап еткені айтылған. Тіпті, оны ескі достар қытайлық компанияға құны 12 миллион доллар тұратын тікұшақты сатып алуға көмектесеміз деп сұратқан делінген еді. Бірақ, сотта экс-басшылардың пара алғаны дәлелденген жоқ. Сондықтан, судья оларды осы бап бойынша ақтап алған.
Мәртбек Кәкімжанов, судья:
- Сот қытайлық азаматтан пара талап ету дерегі бойынша прокурормен келіскен жоқ. Айыптау Досымбековтің бастапқы жауабы бойынша құрылған. Ал, ол жауаптан сотталушы іс барысында бас тартты. Бұл қылмысқа еш дәлел болмады. Біз болжаммен үкім шығара алмаймыз.
Әрі пара берді делінген қытайлық азаматты прокурорлар сотқа келтіре алмаған. Сондықтан, судья мұны жемқорлық емес, алаяқтық деп тапқан. Яғни, жалғыз Досымбеков ақшаға қатты мұқтаж болып, қыруар қаржыны алаяқтық жолмен иемденбек болған екен. Ол басшылық қызметін асыра пайдаланғаны үшін 7 жыл жазамен қоса, қыруар өтемақы төлеуге міндеттелді. Әрі бұрын өзі басқарған мекемеге 82 миллион теңге қайтаруы тиіс.
Бұған қоса, сотта екеуінің өзара келісіп, тікұшақтардың ұшу бағасын құжат жүзінде тым жоғары көрсеткені де дәлелденбей қалған. Есесіне, Төлеуғазы Сексенбаев өз үйінің аула сыпырушысының жалақысын қазына қаржысынан төлепті. Яғни, он өзі басқарған мекемеге жұмысшы ретінде тіркеген. Бұған қоса, «ҚазАвиаОрманҚорғау» мекемесінің тікұшағымен Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс орнына өз мақсатында ұшып келген. Осы үшін ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мәртбек Кәкімжанов, судья:
- Төлеуғазы Сексенбаевқа жаза азырақ берілді. Бұған оның денсаулығы себеп болды. Ол қауіпті ауруға шалдыққан. Сондықтан, түрмеде көп отыру, өміріне қауіпті. Түрмеде оған қажетті көмек көрсетілмейді.
Енді Сексенбаев та «ҚазАвиаОрманҚорғау» компаниясына 1 миллион 550 мың теңгені қайтаруы керек. Сотталушылар сот шығынын да төлеуге міндеттелді. Бұған қоса, олар мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді. Негізі мемлекеттік айыптаушы Төлеуғазы Сексенбаевқа 11 жыл, ал Мәлік Досымбековке 10 жыл 6 ай жаза сұраған болатын. Екеуі бұдан әлдеқайда азырақ жаза алса да, жақындары бұған аса риза емес.
Әрсен Сексенбаев, Т.Сексенбаевтың ұлы:
- Мұндай үкіммен ешқашан келіспеймін. Бұл дұрыс емес. Оны түбегейлі ақтап шығару керек еді. Ал, апелляцияға береміз бе, жоқ па оны әкем шешеді.
Үкім әлі күшіне енген жоқ. Оған келіспеген жағдайда экс-басшылар 15 күн ішінде апелляцияға шағым түсіре алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!