Теңге қайта күшейді
Өткен аптада күрт арзандап кеткен ұлттық валютамыз қайта нығаюда! Бүгін қор биржасындағы таңғы саудада теңгенің долларға қатысты құны 319-ды құрады. Осылайша, бір күн бұрынғы бағаммен салыстырғанда 1 теңге 21 тиынға қымбаттаған. Дәл қазір ақша айырбастау орындарында доллар 319-320 теңгеден сатылуда. Ал, өткен аптада төл ақшамыздың KASE-дегі құны 327 теңге 50 тиынға дейін құлдилаған болатын. Яғни, санаулы күннің ішінде валютамыз шамамен 5 теңгеге құнсызданып кетті. Ал, осы дүйсенбіден бастап бұрынғы қалпына келе бастаған-ды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
16.02.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары