{metadescription}
Ақмола облысында ана мен бала қызыл жалынның құрбаны болды
Ақмола облысында ана мен бала қызыл жалынның құрбаны болды

Ақмола облысында ана мен бала қызыл жалынның құрбаны болды

Ортақ ауылындағы үйде түн ішінде тұтанған өрттен 61 жастағы Роза Даниярова мен оның ұлын ешкім құтқара алмаған. Оқиға орнында біздің тілшілеріміз де болып, қайғылы жәйттің себеп-салдарын  білуге тырысқан еді.

Шынымен де өртті ауыл тұрғындары дер кезінде аңғарса, құтқаруға ұмтылар еді. Бірақ, қызыл жалынды о баста тіпті көршілері де байқамапты. Тек таңертең шатыр астынан біртіндеп түтін шыға бастағанда ғана құтқармаққа ұмтылған.Әйтсе де өздеріңіз көріп тұрғандай, үңірейген терезесі мен қара күйеге қарап, көршілерінің ол әрекетінен ештеңе шықпағанын байқаймыз.Яғни, қызыл жалын бәрін жалмап үлгірген. Үй ішіндегі мүлік күлге айналған, сау тамтығы жоқ. Көп жылдар бойы туысқандай болып кеткен құдайы көршісінің өлі денесін көтеріп алып шыққан көршілері шошынып қалған. Еске алып айтқылары да жоқ. Басқа жақта жұмыста жүрген туысқандары апатты естіпт келгенде, қайғылы жайттың үстінен түскен.

Әсет Дүйсенбин, марқұмдардың туысы:

-Ащы өлім. Мұндай жағдайды біз күткен де жоқпыз. Мұндай болады  деп кім ойлаған?

Бұл үйде зейнеткер анасы мен 35 жастағы ұлы екеуі ғана тұрған екен. Ауылдастарының айтуынша,ішімдікке әуестігі жоқ, қарапайым ғана отбасы. Қаза тапқан жігіт – Ерболат Данияров басқа ауданда кен орнында күзетші болып жұмыс істеген. Осы оқиға болатын күннің ертесіне ол жұмысқа кетуі керек болған. Аналы балалы қос марқұмға әуелі ыс тиген. Осыдан естерін жоғалтып, тілсіз жаудың құрбанына айналып отыр. Құтқарушылар  келгенше ауыл тұрғындары өртті жабылып сөндіріп алыпты. Бірақ бәрі кеш болған.

Маркабия Ерғалиева, Ортақ ауылдық аймағының әкімі:

-Біздің мына мектепте құбырлар бар. Сол арнайы құбырлар өрт сөндіру руковаларына бейімделіп жасалған. Ең бірінші көмекті ауыл көрсетті.

Ортақ ауылы аудан орталығы Зерендіден 100, ал Көкшетаудан 50 шақырым жерде орналасқан. Өрт сөндірушілер 50 минуттан соң жетіпті. Ауылда орман шаруашылығына тиесілі өрт сөндіру көлігі де бар екен. Бірақ, мынадай суықта далада тұрған көлікті оталдыру мүмкін емес,-дейді жүргізушісі. Ал оттың тұтануына электр жылытқышы себеп болған деген болжам бар. Марқұмдар  үйінде отыны да, көмірі де бола тұра соны пайдаланыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.