{metadescription}
Қарағанды облысында СПИД таратуы мүмкін инелерді кімнің төккені тексеріліп жатыр
Қарағанды облысында СПИД таратуы мүмкін инелерді кімнің төккені тексеріліп жатыр

Қарағанды облысында СПИД таратуы мүмкін инелерді кімнің төккені тексеріліп жатыр

Қарағанды облысында қауіпті аурулар өршуі мүмкін! Оған себеп: әлдекімдер Новодолинка ауылының маңына пайдаланылған медициналық қалдықтарды төгіп кетіпті. Қоршаған орта мен тұрғындарға қауіп төндіргендерді қазір полиция іздестіріп жатыр. Ал мамандар қалдықтардың СПИД секілді ауруларды таратуы мүмкін екенін айтып отыр.

Қауіпті қалдықтарды тұрғындар тауып алған. Осы маңда малы жайылып, балалары ойнап жүрген олар енді қорқып отыр. Айтуларынша, белгісіз біреулер қалдықтарды алып келіп, өртеген. Бірақ инелер мен ампулалар, бір рет қолданылатын гинекологиялық айналар түгелдей жанып кетпей, сол бойы қалып қойыпты. Тұрғындар, пайдаланылған медициналық заттарды жақын маңдағы ауруханадағылар лақтырып кеткен деп топшылайды. Алайда дәрігерлер азар да безер болып, бірден бастарын алып қашты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар өздеріне қарасты мекемелердің медициналық қалдықтары Қарағандыдағы арнайы зауытта  жойылады деп отыр. Ал санитарлар бұның қауіпті аурулар ошағы болуы мүмкін екенін айтады.

Ләззат Секербаева, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

-Медициналық қалдықтар жұқпалы ВИЧ, СПИД, В және С гепатитімен ауырғандарға пайдаланылған шығар, кім білген? Сондай-ақ, егер тері жабындыларына зақым келсе, сіреспе, сепсис секілді аурулар да болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.