Малы құтырған Маңғыстауға Астанадан комиссия келді
Малы құтырып, арам қатқан маңғыстаулықтардың үй-жайы мен қора-қопсысын дезинфекциялау үшін Астанадан келген арнайы топ кірісіп кетті. Ауру мал шыққан үйлердің адамдары мен сау жануарлар егіліп жатыр екен. Сондай-ақ, мал өнімдерінің саудаға түсіп кетпеуі де қатаң бақылауға алынып, шектеу қойылған.
Автор: Жанар Низамутдинова
16.02.2018
Қуанышкерей Мырзатов, Маңғыстау облыстық ветеринарлық инспекциясының жетекшісі:
- Құтыру ауруына қарсы дәрі келді. 19 бас мүйізді ірі қараға, 814 бас мүйізді ұсақ малға, бас түйеге, 19 бас жылқы малына және 3 бас итке
Тұрғындарды дүрліктірген жағдайға орай түсінік берген маңғыстаулық басшылардың сөзіне сенсек, облыста әзірге құтырудың 5 дерегі расталған: яғни сынама алынған бір қасқыр, үш түйе мен бір жылқы осы індеттен өліпті. Сондай-ақ, мамандар тұрғындардың еш сараптамасыз ірі қара құтырып өліп жатыр деп айқай шығармай, малдан ауру белгілері біліне бастаса тиісті орындарға дереу хабарлауды сұрап отыр. Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Жармыш ауылының тұрғындары 40-қа жуық малымыз құтырып өліп жатыр деп, басшылардан көмек сұраған еді. Іле-шала бұл аурудың Қарақия ауданынан да шыққандығы белгілі болды
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!