{metadescription}
Оралда газдың қымбаттауы жүргізушілердің ашуын туғызды
Оралда газдың қымбаттауы жүргізушілердің ашуын туғызды

Оралда газдың қымбаттауы жүргізушілердің ашуын туғызды

Оралда газ тағы да қымбаттады. Жуырда ғана өскен көгілдір отынның құны бұл жолы да 4 теңгеге өсіп, қазір газ құю бекеттерінде 81 теңгеден сатылып жатыр. Ал шенеуніктердің айтуынша, бағаның көтерілуіне нарықтағы жағдай себеп. Бұған қоса, көгілдір отынның құны жеткізушілердің көңіл-күйіне де байланысты көрінеді. Ал бекеттерде пайда болған жаңа баға жұрттың ашуын туғызбай қоймады.

Геннадий Евдокимов, жүргізуші:

– Бәріміз осы күнде құбылатын бағаға қарап отырмыз. Бұл масқара ғой. Нақты себебін түсіндіріп жатқан адам жоқ. Газ қымбаттаған соң, азық-түліктің де құны шарықтап шыға келеді.

Өйткені сұйық отын төрт күн бұрын ғана 4 теңгеге қымбаттаған еді. Ал бағаның кезекті рет шарықтауына «Жайық мұнай» компаниясының өз өнімін қымбаттатып жібергені себеп екен. Кәсіпорын әлеуметтік отынды өндіруді мүлде тоқтатқан. Десе де, энергетика министірлігімен арадағы өзара келісім бойынша Батыс Қазақстан облысына сұйытылған газды жеңілдетілген бағада жеткізіп отырған көрінеді. Дәл осы бағаны компания аяқасты өсіріп жіберген. Соған байланысты көлікке құятын көгілдір отынды аймаққа бұлай қымбат сатудың орнына экспорттау тиімді деген мәселе сөз болды. Алайда энергетика министрі Қанат Бозымбаев жергілікті әкімдік газдың тиісті көлемі көрсетіп тұрып сұраныс жасаса, облысқа ол түгел беріледі деп сендіруде.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-   Өзара келісім бойынша «Жайық мұнай» компаниясымен Батыс Қазақстан облысын тиісті газ мөлшерімен қамту туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сондықтан өңір жұртын сұйытылған газбен қамтамасыз етуде ешқандай мәселе көріп тұрғын жоқпыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде