Семейде көлік ұрламақ болған азамат бір минутқа жетпей ұсталды
33 жастағы апталдай жігіт аулада оталып тұрған Ниссанды қас-қағым сәтте айдап әкетіпті.
Автор: Ұлан Нұрахмет
19.02.2018
Осылайша, көліктің иесі оны қыздыру үшін оталдырып,үйіне шәй ішуге кіріпті. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланған ұры қожайынға жер сипатқан. Бірақ, жедел қимылдаған полиция қызметкерлері хабар түскен бойда азаматты 60 секундтың ішінде құрықтап отыр. Олар бірден қала көшелерінде орналасқан бейнебақлау камералары арқылы ұрыны іздеуге көшкен. Сол мезетте, өзгенің көлігін тақымдаған азамат оның шамын жақпастан шаһардың қақ ортасында ойқастап жүрген. Оның қолына бірден кісен салған полиция қызметкерлері қазір тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал көлік өзінің заңды қожайыннына қайтарылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!