Петропавл тұрғыны биіктен секіріп өлмек болды
Петропавлдың тәртіп сақшылары мен өрт сөндірушілері бірлесіп, бес қабатты үйдің шатырынан секіріп кетпек болған ер адамды ажалдан құтқарды.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
19.02.2018
Өмірден түңілген жанды олар үш сағат бойы үгіттепті. Шатырға шығып алған еркек ешқандай талап қоймаған, тек өлгісі келетінін айтқан. Кейін анықталғанындай, 38 жастағы ол үйленбеген, ата-анасымен бірге тұрады екен. Жуырда түрмеден босап шығыпты. Өрт сөндірушілердің бірі оны арқасына мінгізіп алып, арнайы сатымен жерге түсірді. Суицид жасағысы келген жан алкотесттен өтуге де қарсылық білдіріпті. Жерге түсірген соң тәртіп сақшылары оны пәтеріне дейін шығарып салды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!