Алматыда ауыз судан тарыққан жұрт шу шығарды
Қалада тұрып қара суға жарымаған. Алматыда шағын ауданның халқы түгелімен 3 жылдан бері суық судан тарығып отыр. Құбырдан аққан ыстық суды не іше алмай, не жуына алмай қиналамыз дейді тұрғындар. Олар тұтынатын тіршілік нәрін беріп отырған ұңғыма жекенің меншігінде екен. Ақысын да өзі бекітіп отырғандарға ешкімнің сөзі өтер емес.
19.02.2018
Алматыда үш жыл бұрын болған селдің зардабын Әуезов ауданының халқы әлі күнге дейін тартып келеді. Сол кездегі тасқын ұңғыманың тас-талқанын шығарыпты. Неше уақыт өтсе де құдықты жан баласы жөндемеген. Салдарынан суық су күніне бір-екі сағат сыздықтап келіп, қалған уақытта мүлдем болмайды екен.
Гүлсімхан Бектемісова, қала тұрғыны:
-Баяғы жартас сол жартас. 5 жыл болды. Жарым түнде ең қиыны дәретханаға бару деген.
Бұл аймақты сумен қамтамасыз ететін құдық жекенің меншігінде екен. Сондықтан болса керек Алматы әкімдігі бұзылған ұңғыманы жасауға қол ұшын берер емес. Экспедициялықтар прокуратураға да арыз жазған. Бірақ нәтиже жоқ. Храпуновтың кезінде сатылып кеткен стратегиялық маңызы бар жерді жекеменшік компания «Тұрмыс» кооперативіне жалға беріп отыр екен. Ал олар май шелпектен айырылғысы жоқ.
-Ілиясов Масимахун, «Тұрмыс» өндірістік кооперативінің директоры:
Біз қаладан да ауданнан да көмек сұрадық. Келді, көрді бірақ ешкім көмектесе алмады. Бұрғылайтын станок керек, ол тек жеке адамдарда ғана бар. Олардың тазалап бергені 8-10 миллион деп сұрайды. Бізде ондай ақша жоқ.
12 миллион қарызымыз бар деген 7-мамыр ықшамауданының су мәселесі 2-3 жылсыз шешілмейтін түрі бар. Оған дейін техникалық ыстық суды тұтынғаннан басқа амалдары жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!