{metadescription}
Иранда апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты алғашқы болжам айтылды
Иранда апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты алғашқы болжам айтылды

Иранда апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты алғашқы болжам айтылды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін», – делінген жеделхатта.

Иранда ұшақ апатынан қаза тапқан 66 адамның арасында  ТМД азаматтары болмаған.  Францияда шығарылған АТР -72 ұшағы жергілікті Aseman Airlines авиакомпаниясына  тиесілі еді. Рейс Теһраннан елдің оңтүстігіндегі Ясудж қаласына бағытталған. Алайда 50 минут өткен соң радардан жоғалып,  Исфахан таулы аймағында құлапты. Бортта болған  60 жолаушы мен 6 экипаж қызметкері түгел қайтыс болған. Лайнер шаңды дауыл кезінде айналасын көрмей, тауға соғылған деген болжам бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.