Бас прокуратура оңтүстікте өткен ауқымды операцияға қатысты түсініктеме берді
Алматы соты қырғыз депутатын қамауға алды. Асылбек уулу Дамирбек екі ай терегу абақтысында отырады. Депутатқа қатысты алғашқы сот процесі жабық өткен. Өйткені Қылмыстық істе аса құпия материалдар бар екен. Құзырлы органдар қырғыз депутатынан бөлек тағы 32 күдіктіні құрықтаған. Бас прокуратура ұйымдастырған арнайы операция жайлы толығырақ астаналық тілшімізден сұрап білейік.
Автор: Жәудір Оразхан
19.02.2018
-Жәудір, қайрылы күн. Тікелей эфирдесің. Құзырлы органдар қырғыз депутатын қалай ұстаған?
Еліміздің Бас прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро бірлесіп арнайы операция жүргізген. Асылбек уулу Дамирбек осы шара барысында қолға түскен. Бас прокуратура 37 жастағы депутаттың нақты қандай қылмысқа қатысы барын жариялаған жоқ. Белгілісі – қазір ол терегу абақтысында. Бұдан бөлек еліміздің құзырлы орган қызметкерлері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан областары мен Алматы қаласында Қытай, Қырғызстан, Өзбекстанмен шекарасындағы кеден бекеттерін май шелпекке айналдырып алған 8 қылмыстық топты анықтаған. Ұсталғандардың көбі шекарада контрабандамен айналысқан.
Оксана Лоскутова, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
-Қазақстанға контрабандалық тауар Қытайдан тікелей, сондай-ақ, Қырғызстан арқылы кедендік әкімшілендірудің көлеңкелі сызбасын, жалған құжаттарды және төмендетілген мөлшер қолдана отырып әкелінген. Күдіктілерге кедендік рәсімдеу және жүкті алып жүруді қамтамасыз ететін Кедендік органдар мен Шекара қызметінің кейбір лауазымды тұлғалары көмек көрсеткен. Тауарлар Қазақстанның ірі қалалары мен РФ жолданып отырған.
Яғни, заңсыз тауар тасымалына жол ашып беріп отырған шекара басшыларының өздері екен. Олар тұрақты түрде қомақты ауызбастырық алып келген. Бас прокуратураның мәліметінше, күдіктілердің арасында кеден және құқық қорғау органдарының лауазымды қызметкерлері, брокерлер, делдалдар, қылмыс әлемінің серкелері де бар.
-Қазір күдіктілердің барлығы қамауға отыр ма? Қанша адам қолға түскен?
Иә, бәрі тергеу абақтысына жабылған. Жалпы 33 күдікті ұсталыпты. Олардың қатарындағы үш Қырғызстан азаматының бірі - Жогорку Кенеш депутаты Асылбек уулу Дамирбек екенін жаңа айттық. Күдіктілерден қыруар АҚШ доллары, теңге, қымбат зергерлік бұйымдар мен кедендік декларация табылған. Және шекарада жүк тиелген екі автокөлік те тоқтатылды.
Оксана Лоскутова, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
-Жүргізілген іс-шаралар барысында барлығы 8 қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Аталған деректер бойынша эконосмикалық контрабанда, ұйымдасқан топ, трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу және парақорлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!