Дағыстанда қанды қырғын салған жігітке қатысты жаңа дерек шықты
Дағыстан мүфтияты Кизлярдағы шіркеуде ойран салған уахабшының әрекетін ауыр күнә деп, сынға алды. Масленницаны тойлау кезінде православ шіркеуінде 22 жастағы Халил Халилов бес адамды ажал құштырған. Жігіт Ислам мемлекеті ұйымының мүшесі болған. Лаңкес 5 адамды атып өлтіріп, кейін полициямен атыс кезінде өзі оққа ұшқан.
19.02.2018
Шабуылдан қаза тапқандардың барлығы әйелдер. Сонымен қатар,төрт адам жараланып, оның біреуі ауруханға ауыр халде жеткізілген. Ал жараланғандардың үшеуі Ресей Ұлттық гвардиясының сарбаздары. Бұл лаңкестік әрекетті «Ислам мемлекеті» эктремистік ұйымы өз мойнына алды. Халил Халилов ДАИШ туының қасында жазылған видеожолдауы да табылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!