{metadescription}
Иранда апатқа ұшыраған ұшақ тауға соғылған болуы ықтимал
Иранда апатқа ұшыраған ұшақ тауға соғылған болуы ықтимал

Иранда апатқа ұшыраған ұшақ тауға соғылған болуы ықтимал

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін», – делінген жеделхатта.

Иранда ұшақ апатынан қаза тапқан 66 адамның арасында  ТМД азаматтары болмаған.  Францияда шығарылған АТР -72 ұшағы жергілікті Aseman Airlines авиакомнапиясына тиесілі еді. Рейс Теһраннан елдің оңтүстігіндегі Ясудж қаласына бағытталған. Алайда 50 минут өткен соң радардан жоғалып,  Исфахан таулы аймағында құлапты. Бортта болған  60 жолаушы мен 6 экипаж қызметкері түгел қайтыс болған. Лайнер шаңды дауыл кезінде айналасын көрмей, тауға соғылған деген болжам бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде