{metadescription}
Алматыда тексерушілер ойын автоматтарын кесіп тастады
Алматыда тексерушілер ойын автоматтарын кесіп тастады

Алматыда тексерушілер ойын автоматтарын кесіп тастады

Алматыда құмар ойын бизнесі қызып тұр! Лотерея атын жамылған автоматтар үлкенді-кішілі дүкендер мен жертөлелерде еркін жұмыс істеп тұрғанын енді байқаған құзырлы органдар рейд ұйымдастырды. Олар автоматтарды тәркілеп, тіпті еденге бекітілгендерін де кесіп әкетті. Бар-жоғы 9 құрылғыны қолданыстан шығарғандарына қарағанда, заңсыздықты тамырымен жою үшін ұзақ уақыт қажет сыңайлы.

Түрлі-түсті оттары жанған ойын автоматтары Алматыда әр адым сайын тұр. Лотерея атын жамылғанымен, құмар ойынның көкесі бұл. Қолжетімді болған соң, оған құныққандар да жетерлік. Ақша салып, соны еселеп қайтару үшін жұрт терминалдың алдында сағаттап тұрады. Ал, салықшылар заңсыздықтың әбден жайлағанын күткендей, іске енді кірісіпті.

- Кіріңіз, ішке кіріңізші.

- Кірмеймін мен ішке.

Ойынханадағылар әбден қарсылық танытты. Сөйтіп, қожайындарына қоңырау шалумен болды. Тек ісінің заңға қайшы екенін жақсы білетін кәсіпкерлер мұнда сол күйі төбе көрсеткен жоқ. Ал, құрал-сайманын түгендеп келген салықшылар әкімшілік хаттама толтырған соң,  терминалдарын тәркілей бастады. Бұл құрылғының біреуі 250 мың теңге тұрады. Ал, одан түсетін күнделікті табыс 40-100 мың аралығында. Сондықтан, қожайындар оңай табыстың көзін қырғидай қорғайды екен. Тіпті, дабыл жүйесін орнатып қойыпты. Тексерушілердің ойын автоматтарын орнынан қозғағаны сол екен, күзетшілер жетіп келді. Бұл кәсіптің заңсыздығынан олар да бейхабар-мыс. Негізі, ақша ұттыратын ойын автоматтарына қала аумағында тыйым салынған. Оған Қазақстанның 2 қаласында ғана рұқсат бар.  

Қуаныш Түменбаев, Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

- Мұндай құрылғылардың Алматы аумағында мүлдем болмауы тиіс. Оның арнайы рұқсат етілген жерлері бар. Бірі Ақмола облысындағы Щучье қаласы, екіншісі Алматы облысы Қапшағай қаласы.

Ал, өзге жерлерде құмар ойынға жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Олар  шамамен 5 миллион теңге айыппұл арқалайды. Немесе 2 жылға дейін бостандығы шектелмек. Тіпті, заңсыз кәсіп үшін нысанды жалға бергендер де сазайын тартады екен. Ал, құрылғылар бірден қолданыстан шығарылады. Бірақ, салықшылардың бір күнде 3 орынды тексеріп, бар-жоғы 9 терминалды тәркілегеніне қарағанда, құмар ойын кәсібін түбегейлі жою ұзаққа созылатын іс сыңайлы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде