Өскеменнің бас имамы елді шулатқан суретке қатысты пікір білдірді
Суреттен сөкеттік кетпеді. Өскемендегі " Халифа Алтай* мешітінің бас имамы, атышулы суретті түсіріп таратқандардың әрекетін ар сотына тапсырып отыр. Себебі, әлеуметтік желіде шуға ұласқан оқиғаға көпшілік қызу пікір білдіріп, тіпті мешіт қызметкерінің қылығын сынап тастағандар да табылған еді.
19.02.2018
Естеріңізе салсақ, бұдан бұрын Кэри Тагава, Майкл Мэдсон, Бай Лин, Марк Дакаскос және Эрик Робертс сынды Голливуд жұлдыздары Өскеменге ат басын бұрып, өңір туралы арнайы фильмнің түсіріліміне қатысуға келген болатын. Бағдарлама аясында олар Халифа Алтай мешітінде алақан жайып, дұға етеді. Алайда, мешіт қызметкерінің актриса Бай Линге қарап тұрған атышулы суреті талай тақырыптың тұздығына айналды. Ал, мешіттің бас имамы Ермек қажы Мұқатайдың айтуынша, актерлердің барлығы шариғат заңдылығын сақтап, ешбір шартты бұзбаған екен. Бірақ, ислам кешірім діні болғандықтан, облыстық мешіт тарапынан ешкімнің атына арыз түсірмейміз дейді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!