{metadescription}
Шри-Ланкаға 14-ші ақпанды тойлауға барған қостанайлық бойжеткен жұмбақ жағдайда көз жұмды
Шри-Ланкаға 14-ші ақпанды тойлауға барған қостанайлық бойжеткен жұмбақ жағдайда көз жұмды

Шри-Ланкаға 14-ші ақпанды тойлауға барған қостанайлық бойжеткен жұмбақ жағдайда көз жұмды

Шри-Ланкада көз жұмған отандасымыздың денесін елге жеткізу қиынға соғып тұр.Аралға демалуға барған 24 жастағы Ирина Фирсунина алты күн бұрын қайтыс болған еді. Бірақ, жерлесіміздің неден көз жұмғаны әлі белгісіз. Ал, тиісті сараптама аяқталмай, сақтандыру полисі шығындарды төлеуден бас тартып отыр.

ӘНУАР ЖАЙНАҚОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

-Шри -Ланкадағы Қазақстанның құрметті консулы біздің азаматымыздың денесін қазақстанға оралу мәселесімен қазір айналысып жатыр. Страховка бойынша, сақтандыру полисі болған. Алайда қазір тиісті процедуралар аяқталған жоқ. Сондықтан барлық шығынды қасында болған ресейлік азамат өз мойнына алды.

Шығынды өз мойнына алған ресейлік азамат жерлесіміздің сүйіктісі екен. Белгілі болғандай, Денис Сидоров пен марқұм Ирина Фирусина Шри-Ланкаға ғашықтар күнін тойлау үшін барған.  Бірақ, дәл 14-і күні қостанайлық қыз қонақ үйдің алдындағы бассейнде аяқ астынан көз жұмған еді. Бір анығы ол суға батпаған. Ал, ғашықтар осы жазда үйленуді жоспарлап жүрген екен. Тіпті, Қостанай облысы Тобыл ауылында туып өскен 24 жастағы отандасымыз, Ресейге көшіп, Челябинскіде жігітімен бірге тұрып жатыпты. Сол Денис Сидоровтың айтуынша, азаматымыздың денесін елге жеткізу үшін құжаттардың барлығы дайын. Тек, қажетті қаржы жетпей тұрған көрінеді. Қазір іске дипломаттар араласқанымен, мәйіттің қашан жеткізілетіні әзірге белгісіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.