{metadescription}
Қуандық Бишімбаев 12 жылға сотталуы мүмкін
Қуандық Бишімбаев 12 жылға сотталуы мүмкін

Қуандық Бишімбаев 12 жылға сотталуы мүмкін

12 жылға қамалсын. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа прокурорлар соттан осынша жыл сұрады. Астана  сотында бүгін Бишімбаев сотына қатысты жарыссыөз басталған болатын. Бишімбаев сотына бүкіл елдің көз тігіп отырғаны анық. Өйткені, мықты орындарды басқарған экс-шенеуніктің басына бұлт үйірілгелі мінекей жылдан асты. Ал оған қатысты сот отырысы осымен төртінші ай қатарынан жалғасып жатыр. Қуандық  Уәлиханұлының сыбайластарымен жасаған қаржылық қылмысы милиардтарға жетеді.

Бүгін де таңертең басталған сот отырысы түс қайта аяқталды. Онда да уақыттың бәрі тек прокурорлардың айыптау актісін оқуға кетті. Оның өзі оңай болған жоқ. Екі прокурор азаннан бастап арасында демалып алып, том-том істе кезек-кезек оқып шықты. Онда Бишімбаевтың «Бәйтерек» холдингін басқарып, одан кейін министр болып тұрған шағында мемлекеттің ақшасын өз қалтасына қалай тықпалағанын бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп берді. Прокурорлардың айтуынша, ол өз халқы мен Президентінің алдында адал еңбек етудің орнына, бас пайдасын жоғары қойып, оған тағы қоластындағы қызметкерлерінде араластырған.

Әлібек Айтжанов, Астана қаласы прокуратурасының прокуроры: -Барлық қылмыстарын қоса алғанда қылмыстық жолмен тапқан мүліктерінің бәрін тәркілеп, мемлекеттік мекемелерде және коммерциялық ұйымдарда басшылық орындарды иелену құқығынан өмір бойы айырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қауіпсіздігі күшейтілген мекемеде өтесін. Сондай-ақ, «Құрмет» орденінен айыруды сұраймын.

-Ербол, Бишімбаев қай ақшасына коттедж тұрғызған? Сол айтылды ма?

Айыптау деректеріне сүйенсек, экс-шенеунік дәурені жүріп тұрған шақта кірістен кенде болмапты. Алған парасы аяғы 80-90 мың доллардан бастап, ақыры миллард теңгеден асып жығылады. Ал сөз болып отырған коттеджі Астананың іргесіндегі Қосшы ауылында салынған. Онда Бишімбаевтың туыстарының 10 сотық жері бар екен. Сол жерге жалпы көлемі 500 шаршы метрді құрайтын коттедж салған. Оның құрылысына деп кәсіпкерлерден миллиондап пара алыпты. Аңшылық стилінде салынған үйдің құрылысына шамамен 300 мың доллар жұмсалған екен. Ал жалпы жеген ақшасының көлемі миллиардтарға жетіп жатыр.

Нақтылап айтсақ, «Нұрлы жол» бағламасы бойынша тұрғын үй салатын компаниялардан шамамен 366 миллион теңге алған. Одан соң, Қызылордадағы шыны зауытын салатын компаниядан 2 миллион доллар ауызбастырық алып, артынша құрылысынан тағы 1 миллиард 200 миллион теңге жеген.

Бүгінгі сөз тізгіні прокурорларда болғандықтан, айыптау мағынасындағы деректер айтылды. Олар аса ауыр қылмыс санатына жатқызып отыр. Ендігі кезек айыпталушыларда. Осы сот барысында Бишімбаевпен бірге тағы 22 адамның тағдыры шешіліп жатқаны белгілі. Сот ауқымы үлкен болғандықтан, жарыссөздің өзі бірнеше күнге созылатын сыңайлы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.