{metadescription}
Алматы соты қырғыз депутатын қамауға алуға санкция берді
Алматы соты қырғыз депутатын қамауға алуға санкция берді

Алматы соты қырғыз депутатын қамауға алуға санкция берді

Арнайы қызметтің  оңтүстіктегі ауқымды операциясына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Сөйтіп қазақ-қырғыз шекарасын контрабанда ордасына айналдырып, қолға түскен күдіктілердің саны 35-ке жетті. Арасында қырғыз Жоғары кеңесінің депутаты да бар. Алматы соты Дамирбек Асылбек уулуы мен оның екі отандасын екі айға тұтқындауға санкция да берген. Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жемқорлыққа қарсы Бюро бірігіп өткізген операция кезінде біздің шекараға жауапты лауазымды шенділер де құрықталды.

Бас прокуратура таратқан  виеода арнайы жасақтың  қарулы жігіттері мейрамхана не, қонақ үйдің вип-бөлмесіне басып кіріп, үстел басына жайғасқан күдіктілерді шетінен ұстап жатыр. Қолға түскен 35 азаматтың осалы жоқ. Бәрі мемлекеттік шекараны май шелпекке айналдырған лауазымды шенділер.  Үшеуі Қырғызстан азаматы. Олардың арасында қырғыз Жоғары кеңесінің депутаты да бар. Алматы соты Дамирбек Асылбек уулуын  екі айға абақтыға қамады. Бас прокуратура  37 жастағы  халық қалаулысының нақты қандай қылмысқа қатысы барын жариялаған жоқ. Ал «Қырғызстан» партиясының фракциясы осы оқиғаға қатысты шұғыл кеңес өткізіп, мәлімдеме жасады.

-Асылбек уулу Дамирбек «Қырғызстан» партиясының белсенді мүшесі. Ол Қырғызстан атынан түрлі жарыстарға қатысып,  спорт саласына үлкен үлес қосқан. Депутаттың тағылған айыпқа еш қатысы жоқ деген алдын ала ақпарат бар. «Қырғызстан» партиясының парламенттік фракциясы Қазақстанның Сыртқы істер министрілгі және құқық қорғау  органдарымен тығыз байланыста.  Біз бұл мәселенің оң шешілетіне сенеміз.

Негізі, ұсталғандардың барлығы  шекарада контрабандамен айналысқан деген айып тағылған.

Оксана Лоскутова, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

-Қазақстанға контрабандалық тауар Қытайдан тікелей, сондай-ақ, Қырғызстан арқылы кедендік әкімшілендірудің көлеңкелі сызбасын, жалған құжаттарды және төмендетілген мөлшер қолдана отырып әкелінген. Күдіктілерге кедендік рәсімдеу және жүкті алып жүруді қамтамасыз ететін Кедендік органдар мен Шекара қызметінің кейбір лауазымды тұлғалары көмек көрсеткен. Тауарлар Қазақстанның ірі қалалары мен РФ  жолданып отырған.

Яғни, заңсыз тауар тасымалына жол ашып беріп отырған шекара басшыларының өздері екен. Олар тұрақты түрде қомақты ауызбастырық алып келген деген күдікке ілініп отыр.  Бас прокуратураның мәліметінше, сезіктілердің қатарында   кеден және құқық қорғау органдарының лауазымды қызметкерлері, брокерлер, делдалдар, қылмыс әлемінің серкелері де бар. Арнайы операция  барасында құзырлы орган қызметкерелрі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында Қытай, Қырғызстан, Өзбекстанмен шекарасындағы 9 кеден бекеттерін мықтап  матап алған 8 қылмыстық топты анықтаған. Мәселен, мына азамат  қазақ-өзбек шекарасындағы «Қапланбек»  өткізу бекетінде  қолға түскен.

Оксана Лоскутова, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

-Жүргізілген іс-шаралар барысында барлығы 8 қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Аталған деректер бойынша эконосмикалық контрабанда, ұйымдасқан топ, трансұлттық ұйымдасқан топ құру және  оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу және парақорлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды.

Ұсталғандардың барлығы  тергеу абақтысында отыр. Күдіктілерден қыруар АҚШ доллары, теңге, қымбат зергерлік бұйымдар мен кедендік декларация табылған. Және шекарада жүк тиелген екі автокөлік те тоқтатылды.

-Қазақ-қырғыз шекарасындағы былық туралы бұрыннан айтылып жүрген. Енді ондағы бейберекетсіздікті реттеуге  Қазақстанның мықтап кірісуі контрабандашылардың аяғына тұсау салары сөзссіз. Бір қызығы, қырғыз депутатының ұсталуына қатысты ресми Бішкек мән-жайды анықтамастан біздің елге наразылық нотасын жіберіп үлгерді. Көршілерінің тым қызбалығын жақсы білетін отандық дипломаттар  бұл операциядағы тұтқындау жайлы  Астанадағы елшілікке ескерткенін айтып, лайықты жауап қайтарды. Осыдан соң ғана сабасына түскен Қырғызстан билігі, қазір атышулы операцияны анықтауға өздері де кірісті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде