{metadescription}
Алматы облысында Қарасай аудандық мектеп лигасының ашылу салтанаты өтті
Жарыста аудандағы 50 білім ошағының жеткіншектері бақ сынасып, мықтыларды анықтайтын болады. Лигада оқушылар спортың 10 түрі бойынша шеберліктерін көрсететін болады. Балалар: футбол, баскетбол, волейболдан бөлек; асық ату, тоғыз құмалақ сияқты ұлттық ойын түрлерінен де үздіктерді анықтамақ. Сайыстың алғашқы күні дойбы ойнымен ашылды. Наурыздың ортасына дейін 16 жарыс өткізіліп, жеңімпаз атанғандар облыстық «Мектеп лигасына» жолдама алады.
20.02.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!