{metadescription}
“Bek Air” ұшағынан қандай ақау шыққан?
“Bek Air” ұшағынан қандай ақау шыққан?

“Bek Air” ұшағынан қандай ақау шыққан?

Алматыдан көкке көтеріліп Атырауға жетуі тиіс ұшақ Таразға шұғыл түрде қонды. Бұған салонның ішіндегі қысымның төмендеп кетуі себеп. “Bek Air” компаниясы басшысының мәліметінше, ұшақта экипаж мүшелерін қоса алғанда 100-ден аса адам отырған.  

 Негізі төмен биіктікте әуе кемесінің ұша беруіне мүмкіндігі болған. Бірақ мұндай жағдайда Атырауға дейін сапарды жалғастыру адам өміріне қауіпті еді. Сондықтан осындай шұғыл шешім қабылданған. Таңғы 7-20 да Таразға табан тіріген жолаушылар үшін арада екі жарым сағат өткен соң Алматы әуежайынан арнайы резервтік борт жіберілген. Сөйтіп, олар көп ұзамай қайта жолға шықты. Ал апатты жағдайда қондырауға тура келген ұшақтың ақауын анықтау үшін ол Алматыға кері жіберіледі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.