{metadescription}
Жаңа латын әліпбиінің ерекшелігі қандай?
Жаңа латын әліпбиінің ерекшелігі қандай?

Жаңа латын әліпбиінің ерекшелігі қандай?

Елде түрлі пікірталас тудырған диграф пен дәйекше мүлдем қажет болмай қалды. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбинің латын графикасына негізделген нақты нұсқасын бекітті. Жаңа алфавитте 6 әріптің төбесіне үтір қойылған және бірнеше әріп біріккен. Президенттің жарлығына сай, келесі жылдан бастап мектептер пилоттық жоба ретінде осы алфавитке көшеді.

Авторлар латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасын бұрынғыдай алдын ала жарияланған жоқ. Жаңа алфавит ресми бекітіліп, президент жарлыққа қол қойған соң ғана айтылып жатыр. Сонымен, соңғы әрі нақты нұсқада мынадй өзгерістер бар: алты әріптің төбесіне акут қойылған. Яғни, А, G , N, О, U , У-(уай)дың  жоғары жағында үтірі бар. Кейбір әріптер бірігіп кеткен. SH – Ш, CH – Ч болады. Нүктесіз I – И, Й,  Х мен Һ рөлін жалғыз Н атқарады. Жаңа алфавите 32 әріп бар. Ал Ь, Ъ, Э, Ю,Я, Щ, Ё, Ц әріптері мүлдем жоқ.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Ұлттық комиссия ішінде  5-6 топ үлкен жұмыс атқарылыды. Біздер мысалы техникалық топты басқардым. Біз сол апострофпен енгізгенде қандай проблемалар болатынын көтердік. Елбасы біздің, мамандардың айтқандарын естіп, осы жаңа нұсқаны енгізіп отыр. 9 апострофтан 6 апострофқа келді. Екі-үш әріп біріктіріліді.

Бұл үшінші нұсқасы. Қазақ әліпбиі латын графикасына негізделсін деген тапсырма берілгенде мамандар алғашқыда диграфты нұсқаны ұсынды. Яғни, екі әріпі біріктіріп бір дыбыс шығарған. Ол кезде жұрт жаппай «сәбіз» деген сөздің жазылуын келемеждеп, күлкіге айналдырды. Кейін апострофты әліпби пайда болды. Онда әріптердің жанынан дәйекше қаптап кеткенін көрген көпшілік «биттеген» әліпби деп тағы жақтырмады. 

Қуат Борашев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасы: 

-Апострофқа байланысты көптеген проблемалар, техникалық мәселелер болды. Ол халықаралық банк жүйесінде ол қабылданбай қалу не болмаса компьютерде зерттеу, тану кезінде ертең аралары бөлініп, бір сөз екі түрлі  болып кетуі мүмкін. Сол нұсқада ғалымдар акут үстіге шығарылғанда оқуға да, жазуға да ыңғайлы.

Бірақ, кейбір пысықайлар дәйекшесі бар әріпбимен көше, дүкендердің  атын ауыстырып үлгерген. Асыққандардың арасында әкімдіктер де бар.  Мәселен, Ақтау қаласының әкімдігі маңдайшасындағы жазуды елден бұрын өзгертіп тастаған. Енді шененуніктер сол тақтайшаны қайта ауыстыруы қажет.

-Осылайша, көптің көңіліне жақпаған диграф пен дәйекше де жарамсыз болып қалды. Енді еліміз акутты әліпбиге 2025 жылға дейін толық көшуі тиіс. Ал келесі жылы мектептер пилоттық жоба ретінде бастауыш сыныптар латын графикасына негізделген әріптерді оқи бастайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде