{metadescription}
0:000:00
Алматы облысында пайда болған алып мұз үлкен дауға айналды

Алматы облысында пайда болған алып мұз үлкен дауға айналды

Алматы облысында пайда болған алып мұзды жергілікті коммуналшылар әлі еріте алмай әлек  болуда. Сарыөзек ауылында үш қабатты ғимараттың биіктігіндей болатын айсбергті жұрт қызықтап, суретке түсетін жерге айналдырған. Тұрғындардың айтуынша, тесік құбырдан аққан су қатты аязда қатып, осындай ескерткішке айналған. Ал онсыз да ауыз суға жарымай отырған жұрт бұған шенеуніктердің бейқамдығын айыптауда.

Сарыөзектің қақ ортасында тұрған мына алып мұз ауылдың көрнекі жерлерінің біріне айналған. Өздері әбден селфилеткен жұрт енді  бұл жерге шетелдіктерді тартып, туризмді дамыту керек деп күледі. Ал сусыз отырған сол маңның тұрғындарының көңіл-күйлері жоқ.

Олжас Байзақов, Сарыөзек ауылының тұрғыны: 

- Бұл судың пайда болғаны сол тесіктен.  Келіп жамап-жамап кетеді,  сосын әр жерден атып кетеді. Кейде арасында өзіміз де жауып жатамыз.

Бұл мұзтау жер үстімен өтетін құбырдың  тесілген жерінде  пайда болыпты. Қатты аязда темірдің тығыздылығы артып, кішкентай тесіктен аққан су 6-7 метрге дейін атқылаған. Артынша бұл бұрқақ  бірден мұзға айналып, енді міне мұхиттағы емес, құрлықтағы айбсерг болып тұр. Коммуналды қызмет мамандары мұздың  үстіне  автокөлік дөңгелектерін ерітпек болған екен, онысынан түк шықпапты. Енді бұл мұзтау  ауылда  сусыз отырған жұртты мазақтап тұрғандай. 

Айқын Заманбек, Сарыөзек ауылының тұрғыны: 

-Су қатып қалған кезде өзіміз әрекет жасаймыз, не болмаса әр жерден бір тасимыз. Жаздың күндері, басқа күндері су жарылысы жиі болып тұрады. Су іздеп шапқылаймыз да тұрамыз жиі. Сарыөзектің су мәселесі ол ежелден келе жатқан  өте күрделі мәселе, ауыз су.

Ауыз судың зардабын әбден тартқан жұрттың наразылығын жергілікті шенеуніктер біледі. Алайда олар  «бұл мәселені жуық арада шешеміз» деген уәдеден ары аспаған. Ал мұзтаудың пайда болуын атқамінерлер өздерінен емес, табиғатты көріп отыр. 

Жұмагүл  Садықова,  «Кербұлак-С»  КМК директоры:

-Құбырды тексергенде, ол жердегі тесік тым кішкентай болатын.  Су тамшылап қана ағып тұрды.  Бәріне қаңтардағы қатты аяз кінәлі.  Алып мұз пайда болғанымен , оның ешкімге зияны жоқ қой.

Ауыл ортасындағы айсбергті еріте алмаған комуманалдық қызмет мамандары қолдарын бір-ақ сілтеп, осылайша бұл шаруаны табиғаттың  өзіне  сеніп тапсырған көрінеді. Жетісу жеріне уақытылы жететін көктемді енді олар асыға күтіп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.