Атырау жұрты Рақымжан Отарбаевты ақтық сапарға шығарып салды
Атырау жұрты бүгін белгілі драматург-жазушы Рақымжан Отарбаевты ақтық сапарға шығарып салды. «Көңілің кірлегенде жылап ал» деп жиі айтатын жазушының өзі бүгін көптеген көңілдерге кірбің түсіріп, «Ақ көбелекке» айналып, аспанына оралды.
Автор: Жанар Низамутдинова
20.02.2018
«Қазақтың қара сөзін қойша өргізген» қаламгерін қаралы қауым соңғы кездері өзі қызмет еткен Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының сахнасынан ақтық сапарына аттандырды. Отарбаевтың артынан бір уыс топырақ салуға астаналық шенеуніктер келе алмаса да, жарыса көңіл айту жеделхатын жолдапты. Оған жазушының Атырау ауып барып, Ақ Ордаға байланып қалмай, «көп айтса көніп, жұрт айтса болды» деген қағидадан қашық жүруі себеп болса керек. Есесіне, қаламгердің жер-жерден келген, көзі тірісінде сыйлас болған әріптес аға-інілері атыраулықтардың қайғысын бөлісіп, қабырғалары қайыса сөз арнады. Айта кетейік, жазушы 62 жасқа қараған шағында инсультен қайтыс болды.
Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық артисі
-Почеркі де, өзінің жүріс-тұрысы да, дауысы да өзіндік жеке дара адам еді. Рахымжанмен жолыққанда бір жасап, әңгімесін рахаттана тыңдайтын ем. Халқы үшін тер төккен, адал еңбек еткен, Рахымжан, Рахымжан....
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!