Қызылордада жас жігіттің көлігіне қасақана есірткі тастаған полицейлердің өзі тергеліп жатыр
Осыған дейін күдікті ретінде жауап алынған Руслан Барахатов кінәсі болмағандықтан толықтай ақталды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
20.02.2018
Эльвира Мақанова, Р.Барахатовтың әйелі:
-Күйеуіме қатысты ешқандай дәлел табылмағандықтан, іс қысқарылып, облыстық тергеу департаментінде іс жүргізілген. Сол жақта іс қысқарылып енді ақталып шықты. Және сол кезде алынған көлігімізді айыппұл ретінде алынған заттарымыздың бәрін алдық. Қазіргі таңда аман есен Құдайға шүкір үйде.
Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсанында полицейлер жедел операция өткізіп, Барахатовтың көлігінен ірі көлемде есірткі тауып еді. Бірақ, сол маңдағы мектеп камерасына сақшылардың бұл жағдайды қолдан істегені түсіп қалған. Оқиғаның мән-жайы анықталғанша қамауға алынған күдікті бостандыққа шықты. Ал, полицейлерге қылмыстық кодекстің 416 бабы, яғни айғақтарды қолдан жасау, бұрмалау бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары