Қарағанды облысында газ баллоны жарылып адамдар зардап шекті
Қарағанды облысындағы жер үйлердің газ жарылысынан екі адам ажал құша жаздады. Өртенген баспана ішінде өлім аузында қалған оларды көршісі алып шыққан. Денелері оңбай күйгендер қазір ауыр халде, жансақтау бөлімінде жатыр. Ал тілсіз жау екі пәтерлі үйдің бірін жермен-жексен еткен.
Автор: Саят Сабдалы
20.02.2018
-Северо-западное кентіндегі жер үйде газ баллоны жарылған. Ал үйдің иесі Елена Ефимова ұлы мен оның ғашығын қалдырып, жұмыстарымен кеткен көрінеді.
Баспана өртенгенін көршілерінен естіп, үйіне құстай ұшыпты. Ұлы мен әлгі қыз жедел жәрдем алып кеткен. Ал өрт сөндірушілер қызыл жалынмен бірнеше сағат алысқан. Алайда баспананың дымы қалмай жанып кетті. Өрт газ жарылысынан болғанын да естіпті.
Елена Ефимова, зардап шегушінің анасы:
-Өткен айда ғана су жаңа газ пешін сатып алғанмын. Арнайы мамандар келіп пешті қосып, газ баллонын орнатып кеткен еді. Неден ақау шықанын білмеймін. Ең бастысы балалар үшін алаңдаймын. Жандары қалса екен.
Сонда үйде қалғандар қызыл жалыннан шыға алмай қалған ба?
- Иә, өйткені олар қас қараймаса да ұйықтап қалған екен. Тіпті, жарылыстың болғанын да естімедік депті. Сондықтан 23 жастағы Даниил Ефимов пен оның 16 жастағы сүйіктісі тілсіз жаудың құрсауынан шыға алмай, түтінге тұншыққан. Өртті көріп, үй ішіндегі жанайқайды естіген көршісі жанып жатқан үйден әлгі екеуін алып шығыпты.
Алексей Шинкарев, көршісі:
-Көбіне қол-аяқтары күйген. Бірінші көршімді, кейін оның құрбысын алып шығу үшін үйге қайта кірдім. Шошып қалған ғой, п еңіреп жыла отыр екен. Екеуі де жалаңаш күйде. Оларды өз үйіме алып келіп, жедел жәрдем күттім.
Газ жарылған үйдің бір қабырғасы толығымен құлап түскен. Соққының салдарынан көрші үйдің қабырғасы да опырылып, от сол үйді де шарпыған. Апат салдарынан енді, екі бірдей отбасы баспанасыз қалып отыр.
Көрші пәтерде тұрған 90-дағы қарияны да көршілері құтқарып, оны қызы өз үйіне алып кеткен екен. Ал Ефимовтер отбасының баспанасы мен дүние мүлкі тегіс жойылған. Күл-қоқысты жинап жүрген жалғызбасты ана, киерге киімім де қалмады деп жылайды. Ал денелерінің 50 пайыздан астамы күйіп қалған Даниил мен Анна жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер енді оларға бірнеше ота жасаймыз деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары