{metadescription}
0:000:00
Ішкі Істер министрі мен облыс әкімдері тасқынға қатысты екі түрлі есеп берді

Ішкі Істер министрі мен облыс әкімдері тасқынға қатысты екі түрлі есеп берді

Биыл елімізде екі мыңнан астам елді мекен топан судың астында қалуы мүмкін. Бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев  көктемгі тасқынға қарсы шаралар қабылдап онымен күреске шұғыл кірісуге пәрмен берді. Өйткені, небары бір-екі аптада күн жылып, былтырғы қайғылы оқиғалардың қайталануы ғажап емес. Десе де, аймақ басшылары әдеттегідей бейқам. Тіпті бүгін Ішкі істер министрі мен облыс әкімдері  елдегі ахуалды екі түрлі бағалады. Сонда шынайы жағдайды жасырып отырғандар кімдер?

Құтқару қызметтері су тасқынына  толық дайын деп айтуға болмайды. Өйткені, шешуді қажет ететін мәселелер көп. Мұны шешеуніктер де мойындап отыр. Жалпы, Үкіметтің аяқ-асты дүрлігуінің себебі жоқ емес. Бар болғаны сегіз  күннен  соң көктем басталады. Яки, күн жылып қыс бойы түскен қар ериді деген сөз. Оның зардабы биыл да орасан болғалы тұр. Әсіресе өзендердің бойы мен су қоймасы, дамбылардың жанында орналасқан екі мыңнан астам елді-мекен топан судың астында қалуы мүмкін. 

ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

-Өйткені, гидротехникалық нысандар қазірден суға толып, ернеуінен асып тұр. Егер күн күрт жылып, су тасыса, қоймаларды шұғыл ағызуға тура келеді. Бұл өте қауіпті. Әсіресе, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы дамбылар қауіп төндіріп тұр.

Бір қызығы аты аталған аймақ басшылары тасқыннан ешқандай қауіп жоқ деп отыр. Министр Қасымовтан кейін есеп берген олар жағдай бақылауда деп сендірді.  Бірақ, әкімдердің уәдесіне премьер-министр күмәнмен қарап отыр. Сондықтан оларға  басымен жауап беретіндерін ескерткен Бақытжан Сағынтаев өзеннің деңгейін қадалағап, арықтарды тазартып, бөгеттердің жарамдылығын күні-түні  тексеруді қатаң тапсырды.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

-Қазақ айтады, су тілсіз жау деп. Әрине, көп шаруа жасалып жатыр. Бірақ судың бір күнде қайдан келетінін білмей қаламыз. Сол себептен жайбарақат отыруға болмайды жұмысты қатаң түрде бақылауға алу қажет.

Сондай-ақ, премьер жылда қызыл судың астында қалатын Ақмола облысындағы Атбасардың мәселесін бір жола шешуге пәрмен берді. Өйткені, мұндағы тасқын салдарын жоюға жылда миллиардтап ақша бөлінеді. Бірақ, бұдан нәтиже жоқ. Сондықтан  небары екі мың тұрғыны бар ауылға қыруар қаржы шашып, бөгеттер салған ақылға қонымсыз. Одан да атбасарлықтарды басқа қауіпсіз орынға көшіріп, оларға жаңа шағын аудан салып берген әлдеқайда тіиімді дейді премьер. 

Топан судың бетін қайтаруға 24 миллиард қарастырылған. Оның екі миллиарды «Қазгидрометтің» жұмысын жетілдіру үшін жұмсалған. Өйткені, былтыр топан судың астында қалған аймақ басшылары апатқа дер кезінде ескертпеген синоптиктерді кінәләған еді. Енді биыл  ондай сылтау айта алмайды.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-"Қазгидрометке" жаңа қондырғылар алынды. Ол тасқын болу қаупін 90 пайыз дәлдікпен болжауға көмектеседі. Сөйтіп, әр үш күн сайын әкімдерге ақпарат беріп отырамыз.

Ал,  биыл былтырғымен салыстырғанда қар мөлшерден аз түскен. Бірақ, күн күрт жылыйтын болса, бәрібір топан су жайлауы мүмкін. Енді оның алдын алуға әкімдер қазірден кірісуі тиіс. Өйткені, көктемнен аман шығу аймақ басшылары үшін үлкен сынақ. Алда-жалда ағаттық жіберсе тағынан ауып түсуі де әбден мүмкін.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.