{metadescription}
Үкімет өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерге арнап бөлек заң қабылдамақ
Үкімет өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерге арнап бөлек заң қабылдамақ

Үкімет өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерге арнап бөлек заң қабылдамақ

Үкімет өзін өзі жұмыспен қамтып жүргендерге арнап бөлек заң қабылдамақ. Бұл туралы бүгін вице-премьер Ерболат Досаев айтты. Еңбек пен Қаржы министрліктері бірігіп әзірлеп жатқан құжат көлеңкелі кәсіпті ресми тіркеуге және белгісіз іспен айналысып жүргендерді мемлекетке салық төлеуге міндеттейді.

Қаржы және Еңбек министрліктері өзін өзі жұмыспен қамтып жүргендерге қатысты құжатты енді қолға алған. Шенеуніктер әзірге заңның талаптарын өзара талқылап жатыр. Бірінші кезекте еш жерде тіркелмей табыс тауып жүргендерге салық төлетеміз дейді вице-премьер Ерболат Досаев.

Ерболат Досаев, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-Өкінішке орай, кейбір кәсіпкерлер бақылаудан тыс қалған. Меніңше, әрбір заңды тұлға, кез-келген азамат қадағалауда болуы тиіс. Адамдар Конституцияға сай әлеуметтік көмек талап етпес бұрын,  алдымен мемлекетке салық төлесін.

Яғни, шенеуніктер өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың кәсібін қалай да тіркейміз дейді. Сөйтіп, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғанша олардың бюджетке қанша салық төлейтіндерін анықтамақ. Қазір елімізде 3 миллионға жуық азамат белгісіз іспен айналысып жүр екен.

Бүгін Қаржы министрі белсенді емес. Сұлтанов баяндама да жасаған жоқ. Есесіне, вице-премьер бірнеше мәлімдеме жасады. Ерболат Досаев мемлекеттік сату төңірегіндегі жемқорлықты да сынады. Тендер - Үкімет үшін үлкен мәселе деді. 

Ерболат Досаев, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-Мемлекеттік сатып алу – Үкімет үшін күрделі мәселе. Қаржы министрлігімен бірге заңға өзгеріс енгізбекпіз. Биыл бұл жүйедегі кемшіліктерді толық шешуіміз тиіс. Бірақ, біздің халық талантты ғой, тағы бір амалын ойлап табады. Сонда да біз олардан бір қадам алда жүруіміз қажет.

Тендер өткізу кезінде Қаржы министрілгі жергілікті әкімдермен бірлесіп жұмыс істей алмай отыр екен. Сондықтан, мемлекеттік сатып алу төңірегінде жемқорлық өршіп тұр дейді Досаев.  Үкімет былтыр бұл саланы толық электронды форматқа ауыстырды.  Нәтижесінде 11 мың заңбұзушылықтың алдын алыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде