Атышулы қырғыз депутаты Дамирбек Асылбек уулу-ның қос азаматтығы болуы мүмкін
Елімізде арнайы операция кезінде қамауға алынған қырғыз депутатының қос азаматтығы болуы мүмкін. Дамирбек Асылбек уулу-ын көрші елдің сарапшылары Қазақстан азаматы екенін анықтаған. Белгілі болғандай, қырғыз Жоғарғы кеңесінің депутаты әрі грек-рим күресінің халықаралық спорт шебері екі мыңыншы жылдардың басында еліміздің атынан жарыстарға да қатысқан екен.
Автор: Досжан Маратұлы
22.02.2018
Міне 2003-ші жылы түсірілген мына видеода Дамирбек Асылбек уулуы қазақ елінің намысын қорғап, жеңіске жеткен. Тіпті саясаттанушылар, атышулы депутаттың шын аты Динарбек Сұпатаев екенін айтуда. Әрі, туған жылын да өзгерткенге ұқсайды. Яғни, халық қалаулысы 1981 емес, 1979- жылы туған болуы мүмкін. Бірақ, кейін өзі жайлы мәліметтерді өзгертіп, Қырғыз азаматтығын алыпты-мыс. Ал, 2009 жылы 28 жасында айырқалпақты ағайынның ең жас депутаты болып сайланған. Айта кетейік, 37 жастағы депутат сыбайластырымен бірге тура бір апта бұрын Алматы облысында жүргізілген арнайы операция кезінде ұсталып, екі айға қамауға алынған. Оларға шекарада контрабандамен айналысқан деген айып тағылды. Бірақ, Асылбекулуы-ның қос азаматтығы барын әзірге Қазақстанның не Қырғыз елінің Сыртқы істер министрлігі ресми растап, не жоққа шығарған жоқ. Десе де, көрші елдің сарапшылары депутаттың екінші азаматтығы барына сенімді.
ЭДИЛ БАЙСАЛОВ, САЯСАТТАНУШЫ:
-Негізінен екінші азаматтығы бар екені үлкен қылмыс емес. Қазақ-қырғыз бір туған. Англия, Қытайдың не болмаса Американың азаматтығы емес. Негізгі мәселе – не үшін біздің депутатымыз, елге қызмет қылатын азаматымыз ел аралық мафияға қатысып, өзінің қызметін пайдаланып, қандай да бір қылмысқа барады?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!