Астана ұлан асыр тойдың қамына кірісті
6-шы шілдедегі Елорданың 20 жылдық мерейтойын күллі ел бұрын-соңды болмаған думандармен атап өтпек.
Автор: Ербол Тұрымбет
22.02.2018
«Ел жүрегі – Астана» деп аталатын бағдарлама аясында 200-ге жуық мерекелік іс-шара ұйымдастырылмақ. Оның 44-і халықаралық деңгейде өтеді. Олардың арасында Астанада әлемнің жетекші музыканттарынан құралған «Shine Astana» яғни, «Жарқыраған Астана» оркестрінің премьерасы бар. Одан бөлек, француз-канадалық «Нотр дам де Пари» музыкалық шығармасы сахналанады. Тек ұйымдастырушылар ауқымды жобаға мемлекеттің қанша ақшасы кететінін әлі айтпай отыр. Қаржыны үнемдеуге байланысты кей әртістер келмей қалуы да мүмкін.
Алмаз Нұразхан, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің департамент басшысы:
- Негізі бюджеттің ақшасы бар. Бірақ, қанша шараға қанша ақша кететінін мен айта алмаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!