{metadescription}
Ақмола облысында дәрігер жетіспей жатыр
Ақмола облысында дәрігер жетіспей жатыр

Ақмола облысында дәрігер жетіспей жатыр

Ақмола облысындағы 75 мың халқы бар Бурабай ауданының емханасында дәрігерге қаралатын талон сәуірге дейін жоқ. Бұл өңірдегі осы жалғыз емханада әр сала бойынша бір маманнан ғана отыр. Ала таңнан сабылған жұрт ғылым мен техниканың дамыған заманында оларды бұлайша сенделтіп қойғанына наразы. Бұл, әсіресе, бірнеше шақырымды артқа тастап ауылдан келетін сырқаттарға  оңайға соқпай тұр.

Басы ауырып, балтыры сыздамаса, ешкім еріккеннен емханаға бармайды. Онсыз да денсаулығы сыр беріп, қабағы келмей отырған кезде сеңдей соғылысып, иін тірескен жерде ұзақ кезек күту азаптың азабына айналған. Таңнан келіп кезек алыпеліп, қара кешке дейін жүріп, кейде тіпті дәрігерге қарала алмайтын кететін жағдайға жеттік дейді тұрғындар. Бұл, әсіресе, аудан орталығына ауылдан келетіндерге қиын соғып тұр екен.

Лидия Яценко, Бурабай кентінің тұрғыны:

-Мен Бурабайдан келдім. Сағат 7-ден осындамын. Өзім қант диабетімен ауырамын. Көзім нашар көреді. Мынау масқара ғой! Көз дәрігеріне наурыздың 26-сына дейін талон жоқ. Оны мен ауылдан келіп қай уақытта аламын? Бұл адамдарды қинау ғой.

Әсіресе, қарттарға, мүгедектерге бұл жерде кезекте отыру шынымен қиын. Қан қысымы көтеріліп, ауру үстіне ауру жамап қайтамыз дейді олар. Емханада киім ілетін орын да жетпейді екен. Тіпті жалғыз дәретханаға да ұзын-сонар кезек.Мұндай мекемеде жұмыс істеудің тым ауыр екенін дәрігерлер мен мейірбикелер де жасырған жоқ. Мәселен, құлақ-мұрын маманы 3 адамның орнына бір өзі жұмыс істейтінін айтады. Сондықтан науқастарды қабылдап үлгермейді екен. Ал бас дәрігер бұл жағдай бір  осы емханада емес, бүкіл облыстағы маман тапшылығынан туындап отыр дегенді алға тартты. 

Алма Құрмашева, Бурабай аудандық емханасының бас дәрігері:

-Бізде дәрігер жетпейді. Бүкіл облысқа 300 маман керек. Қазір сала мамандарын шақыртып жатырмыз. Медицина институтын бітірген 4 дәрігер былтыр бір жыл жұмыс істеп кетіп қалды. Бұл мәселемен айналысып жатырмыз.

-Жақында ғана дәл осы емханада көп жылдан бері еңбек еткен 6 дәрігер қуылдық деп жан-жаққа шағым жазған. Олар бас дәрігермен сыйыса алмай,  амалсыздан өтініш жазғандарын айтып, баспасөзде ашық хат та жариялады. Бірақ бас дәрігер бұл жағдайды айтқысы келмеді. Ал емханадан шығып қалғандар осы салада жұмысын жалғастырып жатқандықтан тағы қудалауға түсеміз бе деп қорқады. Енді келіп дәрігер жетпейтіні айтылуда. Мұның зардабын қарапайым халық тартып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.