{metadescription}
"Шаршаған" Дүйсенова жаңа қызмет тапты
"Шаршаған" Дүйсенова жаңа қызмет тапты

"Шаршаған" Дүйсенова жаңа қызмет тапты

Осы өзін өзі қамтып жүрген қазақтарды түгендей алмай «шаршаған» министр «Нұр Отаннан» орын тапты. Елбасының қатаң сынына ұшыраған бұрынғы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова билік партиясының хатшысы болып тағайындалды.

Тамара Дүйсенова осыдан екі апта бұрын ғана Президенттен сөз естіп, бірден орнын босатқан еді. Министрлікте 14 жыл қызмет етіп, соңғы 5 жыл бойы басқарып, мемлекеттік қызметте бай тәжірибе жинаған ол аз уақыт ішінде қайтадан жайлы орынға жайғасып үлгерді. Бұл жолы өз бағын саясатта сынап көрмекші. Партия басшылығы да оның әлеуметтік саладағы біліктілігін жоғары бағалап, керемет кадрға қол жеткіздік деп отыр.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

-Соңғы 5 жылда министрлікте министр болып қызмет етті. Сол уақыттың ішінде осы салада біраз жақсы өзгерістер болды. Біраз реформалар болды, біраз мәселелер шешілді деп айтуға толық негіз бар. Төрағаның бірінші орынбасары ретінде сіздің енді осында тағайындалғаныңызға мен қуаныштымын

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде