{metadescription}
Оралда тілсіз жау зейнеткердің өмірін жалмады
Оралда тілсіз жау зейнеткердің өмірін жалмады

Оралда тілсіз жау зейнеткердің өмірін жалмады

Оралда көпқабатты тұрғын үй өртеніп сексен төрт жастағы кейуана қаза тапты. Қызыл жалын  таңғы сегіздер шамасында Қонаев шағын ауданындағы ғимараттың бесінші қабатында қылаң берген.

Әп сәтте күш алған тілсіз жау тұрғын үйді түгелдей қою қара түннің құрсауына алды. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай қызметкерлері 17 адамды қауіпсіз жерге шығарған. Олардың оны балалар. Қалған тұрғындар өз күштерімен далаға қашып шығыпты. Құтқарушылар өртпен үш сағатқа жуық арпалысып әрең өшірді. Өрт  5-ші қабатта тұратын зейнеткердің пәтерінен басталғаны белгілі болды. Үйден 84 жастағы қарияның жансыз денесі табылды. Алдын ала мәлемет бойынша қызыл жалын қауіпсіздік шараларын сақтамағаннан  болуы мүмкін.  

Назарәлі Селімов БҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің бастығы:

-8-ден 27 минут кеткенде өрт туралы дабыл берілді. Оқиға орнына жедел жетіп тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығардық. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қайтыс болған зейнеткердің қызының айтуынша кейуана майшам жағып құдайына сыйынған. Өрт содан тұтануы мүмкін. Бірақ бұл тек болжам. Қазір тексеріп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде