{metadescription}
Алматыда бүйрегін ауыстырған науқастар шу шығарды
Алматыда бүйрегін ауыстырған науқастар шу шығарды

Алматыда бүйрегін ауыстырған науқастар шу шығарды

Көшірме дәріден қатер көп. Алматыда бүйрегін ауыстырған науқастар осылай дабыл қақты. Олардың айтуынша, мемлекет тарапынан тегін берілетін түпнұсқа дәрілердің орнына көшірме препараттар ұсыныла бастаған. Ал, бірнеше жылдан бері швейцариялық түпнұсқа препартқа ағзасы үйренгендер, үндістандық көшірме дәрінің сапасына күмәнмен қарап отыр. Бүйрегін ауыстырып, тағдырдың сынынан амал қалған жандар, неге екіұдай күй кешіп жүр?

-Алматылық дәрігерлерді аяғынан тік тұрғызғандар қандай талап қойып отыр?

Күтпеген қонақтар қалалық денсаулық басқармасының өкілдерін әбден састырып тастады. Бірақ, сансыз сұрақтан ешқашан жалтара аламасын білгендіктен, жауапты жандар тез арада жиналып, көпшіліктің назын тыңдауға кірісті.Дегенмен, мәселенің мәнісі әріде жатыр. Көшірме дәріден қауіптенген топтың айтуынша, трансплантация жасатқан науқастар, заңдық тұрғыдан өмір бойы бір препаратты пайдалану қажет. Алайда, «СК-формация» жариялаған тендерден соң, 9 жыл бойы қолданылып келген швейцариялық түпнұсқа дәрінің орнына үндістандық көшірме өнім сатып алынады. Сыры беймәлім өнімнің сұрынан қорыққандар, өмірімізді қатерге тіге алмаймыз дейді бірауыздан.

Ержан Мұхамадиев, «Сенім» ҚБ төрағасы:

-Қазіргі уақытта бізде бір аптаға ғана жететін дәрі бар. Алматыда қазір 300-ден аса адам бар. Сол үшін күніміз азайып бара жатыр. Күннен күнге таяп бара жатыр. Ол дәрілер болмаса қандай дәрі ішеміз?.

Себебі, елімізде 3 мыңнан астам бүйрегін ауыстырған жан бар екен. Бүгін Шымкентте де наразы топ денсаулық сақтау министрлігінің бұл саясатымен келсіпейтінін айтып, базынасын жеткізді. Өйткені, алғаш шу шыққан кезде министрлік тарапы науқастармен ортақ уағдаға келіп, тек 2018 жылдан бастап азғасын ауыстырғандарға ғана жаңа үндістандық көшірме дәрі беріледі, ал бұған дейінгілер швейцариялық түпнұсқа дәрімен қамтамасыз етіледі деген болатын. Бірақ,  қазір уәделерінен тайқып кеткен көрінеді.

Алға Асанов, шымкент қаласының тұрғыны:

-Ол дәрілердің тапшылығы білініп жатыр кейінгі кездерде. Былтырда болған жылдың аяғында, жылдың басында.

Дегенмен,  бет бақтырмаған «СК-Фармация» компаниясының өкілдері, екі препараттың арасында ешқандай айырмашылық жоқ, әсері бірдей деп отыр. Дәрі-дәрмектер ел аумағында тіркелгендіктен, тексеруден өтеді, алаңдайтын дәнеңе жоқ дейді. Тіпті, жақын күндері швейцариялық түпнұсқа дәріні де жеткізбек екен.

Наталья Зеленская, «СК-Фармация» компаниясының Алматыдағы өкілі:

-Қазіргі уақытта бұдан бұрын бүйрек ауыстырған, яғни көптен бері түпнұсқа дәріні қабылдап келе жатқандар үшін денсаулық сақтау минисртлігіндегі жаңа бұйрықта арнайы түпнұсқа дәріні сатып алу жөнінде бөлім қарастырылған. Бұл 60-шы бұйрық әділет министрлігінде тіркеуде жатыр.

Бірақ, құзырлы орын өкілдері мен науқастардың пікірі әлі де екі бөлек. Бірнеше жыл бойына бір дәріге үйренген ағза, аяқ астынан өзге препараттың әсерін қабылдамайды дейді наразы топ. Сондай-ақ, олар о басынан үндістандық препарттың сапасына күмәнмен қарап, өз беттерінше сұрау салып, зерттеу жүргізіпті.

Қуанышбек Атабаеав, Алматы қаласының тұрғыны:

-Хетералапстың бұл препарат клиникалық тексерістен өтпеген. Мұны министрлік те,  СК-Формацияда мойындады. Үшінші елдер деп қояды ғой мысалы, бірақ біз өз мемлекетімізді үшінші елге жатқызғымыз келмейді. Бірақ, Африка елдері, дамымаған елдерде қолданылады.

Бір адамның бүйрегін ауыстырғанға мемлекеттен 30 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді.  Ал, науқасты бір жыл гемодиализ апаратында ұстау үшін 4 миллион теңге керек. Сонымен түпнұсқа дәріден қағылғандар, қолдарында ақпан айының  соңына  жететін препарттар қалғанын айтады. Ал, құзырлы мекеме өкілдері, наурыз айының ортасында ғана мәселені шеше аламыз деп отыр.Тек, дәтке қуаты, қалалық денсаулық сақтау басқармасы жақын күндері денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып селекторлық жиналыс өткіземіз деп сендірді. Бірақ, науқастардың  оған дейін қайтіп өмір сүреміз деген сұрағы, сол күйінде жауапсыз қалды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.