Қазақстанда пара алушылардың саны азайған
Қазақстан жемқорлық деңгейі бойынша 180 елдің ішінде 122-ші орынға тұрақтады. Бұл осыған дейінгі жылдармен салыстырғанда оңды көрсеткіш. Дегенмен, бұл әлі де мақтанатын деңгей емес.
Автор: Асқарбек Қазанғап
22.02.2018
ТрансПеренси Интернейшнл ұйымының рейтингісінде еліміз 31 балл жинаған. Мәселен, 0 ден 100-ге дейінгі баллмен өлшенетін зерттеуде 0 - жемқорлық дендеген ең жоғары, 100 - ең төменгі көрсеткіш. Қазақстан бұл сараптауға 1999 жылдан бері қатысады. Жаңа Зеландия, Дания, Финляндия мен Швейцария қашанғыдай жемқорлық ұйығына батпағандардың тізімінде. Ал, Сомали, Оңтүстік Судан, Сирия жемқорлықтың шырмауына маталған мемлекеттердің қатарында. Ауызбастырық алудан біздің шенеуніктер де құр қалып жатқан жоқ. 2016-мен салытырғанда жағдай түзелді дегенмен, Қазақстан әлі де Мали, Непал мен Молдовамен бір деңгейде. Украина, Қырғызстан, Ресей мен Түркменстандағы жағдай тіпті мүшкіл екен. Ал, Грузия, Беларусь пен Арменияның көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғарғы. Яғни мұнда парасыз да проблема шешуге болады депті рейтинг авторлары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!