{metadescription}
Тікелей эфир: Атырауда 6 миллиардтты жөндеуге жұмсамақ болған шенеуніктердің әрекеті дау туғызды
Тікелей эфир: Атырауда 6 миллиардтты жөндеуге жұмсамақ болған шенеуніктердің әрекеті дау туғызды

Тікелей эфир: Атырауда 6 миллиардтты жөндеуге жұмсамақ болған шенеуніктердің әрекеті дау туғызды

6 миллиард 320 миллион теңге! Атыраулық атқамінерлер облыстық әкімдік жанындағы қосымша ғимаратты жаңарту үшін осындай қаражат бөліп отыр. Ал 2001 жылы тұрғызылып, осы уақытқа дейін әп-әдемі болып тұрған 3 қабатты ғимараттың бүгінгі қалпының кімге ұнамай қалғаны белгісіз. Мұны біздің тілшілер анықтап көрген болатын.

Қазір бізбен тікелей байланысқа атыраулық тілшіміз Жанар Низамутдинова шығып тұр. Сонымен, кезінде қыруар қаржыға салынған қосымша ғимараттың шенеуніктерге несі ұнамай қалыпты?

Шенеуніктердің айтуынша, облыстық әкімдік жанынан салынған нысан қазір апатты жағдайда көрінеді. Яғни құрылысы басталған кезде-ақ қателіктер жіберілген. Енді уақыт өте келе, сыр беріп, қабырғалары жарыла бастапты.

3 қабатты ғимарат 2001 жылы салынған. Мамандар техникалық сараптама жасатып, оның пайдалануға мүлде жарамсыз екенін айтқан. Ал, қазір қауіпті деп танылған соң, көпшілік шараларды өткізуге де тыйым салыныпты. Енді бос тұрған соң оны мүлдем сүріп тастап, орнына 6 қабатты жаңа ғимарат салынбақ.

Мәлік Аманов, Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы

-Бұл бәрібір уақыттың еншісінде. Бұзу керек, бұлай тұра бермейді.Құласа кім жауап береді? 

-Ал құрылыс жұмыстарына қажетті 6 миллиардтан астам теңге қайдан бөлінбек? Бәлкім, аймақтағы мұнай компаниялары үлес қосатын болар?

Аймақтағы мұнай өндіріп жатқан алпауыт компаниялардың қаражаты тек қана әлеуметтік нысандар салуға жұмсалады. Сондықтан, құрылысқа қажетті миллиардтаған қаржы жергілікті қазынадан бөлінгелі тұр екен. Құрылыс жұмыстары биыл басталып, екі жыл бойы жүргізілмек. Сондай-ақ бұл қаржыға облыстық әкімдіктің 8 қабатты негізгі ғимараты да күрделі жөндеуден өтіп, айналасы көгалдандырылады екен. Өйткені, 1977 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген нысанның жылу, электр жүйелері жи істен шығып, жұмысқа кедергі келтіріп отыр екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде