{metadescription}
СҚО-да жалғызбасты әкеге көмек керек
СҚО-да жалғызбасты әкеге көмек керек

СҚО-да жалғызбасты әкеге көмек керек

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмаған үш баласын жалғыз асырап отырған ер азамат құлағалы тұрған үйді паналап отыр.  Жақсылық Асқаровтың тіпті ол баспанаға  заңды құжаттары да жоқ екен.  Оның мәселесін жақсы білетін Мағжан Жұмабаев ауданының шенділері заңды белден басып жалғызбасты әкені пәтер кезегіне қоя алмаймыз дейді. Қойғанның өзінде бұл отбасының қоныс тойын тойлауы екіталай. Аудан орталығында он жылдан бері  кезекте тұрғандарға бірде- бір  пәтер берілмепті.

Жақсылық Асқаров пен Алмагүл 12 жыл бірге тұрған.Келіншек 4 жыл бұрын үш баласын тастап, өзге еркектің етегін ұстап кете барыпты. Аналары кенжелерінің есінде жоқ, ал ес біліп қалған ересегінің оған  деген  өкпесі қара қазандай.

Гүлфайра Асқарова, 7 сынып оқушысы:

-Мен оны жек көріп қалдым. Өйткені ол мені тастағаны үшін. Ол қазір келсе мен оған  кет деуші едім.

- Мамасыз саған қиын емес пе? Мысалы, кластастарыңның мамасы бар, қыз бала, қиын емес пе саған?

- Жоқ, қиын емес, әкем болса болды.

Отағасы қазір 25 мың теңгеге жалданып жұмыс істейді. Өзге жұмысқа шығайын десе, күнұзақ балаларға бас көз болатын ешкім жоқ. Әйелін алиментке берген екен, қағаз жүзінде есептелген ақша енді жәрдемақы алуға кедергі болып тұр. Бұл отбасының қазіргі бар мәселесі – баспана.

Асқаровтар отбасы бұл үйге 7 жыл бұрын қоныстанған екен. Балаларын мектепке беруге асыққан олар үйдің ескі құжаттарына да назар аудармай, қолхатпен ғана сатып алған. Енді апатты деп танылған баспананың құжаттарын ретке келтіруге ескі иесінің құлқы жоқ, ал жаңа иесінің ақшасы жоқ. 

Сондықтан Жақсылық  жалғыз баспанасы апатты деп танылған жан ретінде де  пәтер кезегіне тұра алмайды. Ал тепсе темір үзетін азаматтың жалғызбасты әке ретінде үй алуға  мүмкіндігі  жоқ екен.

Жақсылық Асқаров, жалғызбасты әке:

-Очередьке тұру үшін менде статус керек дейді, папа одиночка деп. Папа одиночкаға менің статусым жоқ. Материнство ее лишить я никак не могу с документами. 

Жақсылықтың жағдайын аудан шендірлері жақсы біледі. Бірақ заңды белшеден басып, оны баспана кезегіне қоя алмаймыз дейді.

Серік Қосанов,  М.Жұмабаев аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

-  Ол ешқандай категория бойынша баспана кезегіне тұра алмайды. Құжат бойынша оның мойнында ешқандай баспана жоқ.  Жалғызбасты әке деп те танылмаған. Оның жұбайы аналық құқығынан айрылмаған. Осы түйткілдерді реттеген соң ғана біз оны үй кезегіне қоя аламыз.

Құжаттарын реттегеннің  өзінде бұл отбасының  жуық арада қоныс тойын тойлауы екіталай. Он жыл бұрын  аудандық әкімдікте түзілген баспана кезегі осы жылдары бірде-бір адамға ілгері жылжымапты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде