Учаскелік инспекторлардың жұмысы бейнебақылау камералары арқылы қадағаланады
Полицейдің әр-бір ісі назарда. Енді учаскелік инспекторлардың жұмысы бейнебақылау камералары арқылы қадағаланады. Қазір аталмыш жоба Алмалы ауданында сынақтан өтіп жатыр.
23.02.2018
Тәртіп сақшыларының тайраңдауына жол бермейміз, деген жергілікті полиция қызметінің бастығы қазір тұрғын үйлердің кіреберісіндегі камераларды да өз базаларына жалғап жатқанын айтты. Яғни, ауладағы кез-келген оқиға пагон таққандардың назарында болады. Бұл қылмысты жедел ашуға көмегін тигізбек. Егер жоба нәтижесін берсе шаһардың өзге аудандары осыған қосылады. Айта кетейік, Алматыда бүгінгі таңда тәртіп бұзушылықтың алдын алу үшін 115 мың бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұр.
Жасұлан Байкенов, Алматы қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы:
-2017 жылы бейнекамералар көмегімен қаламызда 167 қылмыс, он мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Бүгінгі таңда учаскелік инспекторлардың жұмысы да қатаң қадағаланып жатыр. Алмалы ауданындағы 25 ші полиция бөлімшесіне камера қойдық. Бұл бармақ асбты көз қыстыға жол бермейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!