Елімізде автобус жүргізушілерінің кесірінен жылда 500-ден астам жол апаты болады
Қазақстанда қоғамдық көлікпен жүру қауіпті. Себебі, бір ай бойы еліміздегі автобус жүргізушілерін тексерске алған жол сақшылары 19 мың ереже бұзушыны анықтаған. Тіпті, әрбір 6-шы жолаушылар таситын көлік техникалық талаптарға сай болмай шыққан.
Автор: Мақсат Мәлік
23.02.2018
Полицейлердің айтуынша, жыл сайын автобус жүргізушілерінің қателігінен 500 жол-көлік оқиғасы болады. Соның кесірінен 60 адам қаза тапса, 800-ден астам жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алады екен. Ал, сақшылардың нысанасына іліккендер арасында мыңнан астам жүргізуші желмен жарыса жылдамдықты асырса, 3 жарым мың жүргізуші рөлде телефонмен тұтылған. Тіпті, 14 жүргізуші ішімдік ішкен күйінде ұсталып, тіпті, араларынан есірткіге еліріп алғандар да табылыпты. Сондай-ақ, өз ісіне салғырт қараған автобус парктерінің 190 лауазымды тұлғасына 6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!