{metadescription}
Қазақстандық ауруханалар халықаралық стандарттарға сәйкес келді
Қазақстандық ауруханалар халықаралық стандарттарға сәйкес келді

Қазақстандық ауруханалар халықаралық стандарттарға сәйкес келді

Қазақстандық ауруханалар халықаралық ДжиСиАй стандарттарына сәйкес келеді. Науқастардың қауіпсіздігі мен ем-дом шараларының сапасын қадағалайтын әлемдік стандарттар сертификатын біздің елде 7 бірдей мекеме иеленген.

Президент іс басқармасы медициналық орталығы сол 7 медициналық мекеменің бірі. Орталық ол сертификатты былтыр иеленген. Мұнда сырқаттардың мекеме есігінен кіргеннен бастап палатаға жатқанға дейін барлық қызметтер сапалы көрсетіледі. Оның үстіне, аурулардың артық инфекция жұқтырып алмауына, тек сапалы құралдармен емделуіне барлық жағдай жасалған. Соның арқасында аурухана ДжиСиАй стандарттарына толық сай келетінін растап отыр. Жалпы, халықаралық стандарттар топтамасы екі үлкен бөліктен тұрады. Бірі науқасқа жеткілікті назар аудару бағытында болса, екіншісі медициналық мекеменің ұйымдастырушылық қызметі тексеріледі.

Ахмет Мұрат Сюмер, медициналық қауіпсіздік пен сапа бақылауы менторы:

-Сонымен бірге, ғимараттың қауіпсіздігі, басшылықтың тиімді жұмысы, емдеу барысындағы деректердің жылдам алмасуы және емдеу мекемесіндегі инфекциялық қауіпсіздіктің толық сақталуы сынды көптеген мәселелер қатаң тексеріледі. Тек солардан өткенде ғана JCI сертификаты беріледі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде