{metadescription}
Алексей Полтораниннің жаттықтырушысы тосын мәлімдеме жасады
Алексей Полтораниннің жаттықтырушысы тосын мәлімдеме жасады

Алексей Полтораниннің жаттықтырушысы тосын мәлімдеме жасады

«Алексей медаль алмаса, осы маусымдағы барлық айлығымды қайтарамын». Полтораниннің жаттықтырушысы Мати Алавер осындай мәлімдеме жасап, айды аспаннан бірақ шығарды. Эстониялық маманның пікірінше, спортшыдан бөлек оның жаттықтырушысы да жетістікке жетуіне жауапты.

Мати Алавер:

-«Спортта жаттықтырушының рөлі ерекше. Спортшымен жауапкершілікті теңдей көтеруі керек. Сондықтан, сенбі күні Алексей Полторанин медаль ұтпаса, осы маусымдағы барлық айлығымды қайтаратынымды мәлімдеймін».

Айта кетейік, 50 шақырымдық жарыста сарапшылар Полторанинді фаворит деп топшылап отыр. Ақ олимпиаданың басталғанына екі аптадан асқанмен, айымыз оңынан тумай тұр. Әзірге қоржында жалғыз қола. Медальдар көрсеткіші бойынша 27-ші орынға түстік. Алғашқы үштікте Норвегия, Германия мен Канада. Кеше  шорт тректен өнер көрсеткен спортшыларымыз финалға өте алмай, көңіл көншітпеді. Ендігі үміт ертең додаға түсетін Алексей Полторанинде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.