{metadescription}
Тегін берілетін дәрілердің қайда кетіп жатқанынан министр хабарсыз болып шықты
Тегін берілетін дәрілердің қайда кетіп жатқанынан министр хабарсыз болып шықты

Тегін берілетін дәрілердің қайда кетіп жатқанынан министр хабарсыз болып шықты

Мемлекет есебінен тегін берілетін дәрілердің қайда кетіп жатқанынан министр хабарсыз боп шықты! Қымбат препараттардың тапшылығына қатысты түсініктеме берген Біртанов бұл жайтқа өзі де таңданып отырғанын жасырмады.     

Естеріңізге салсақ, аса ауыр дертке ұшыраған науқастар мемлекеттен берілетін міндетті дәрілерді үш айдан бері ала алмай жүргендерін айтып шағымданған. Айтуларынша, емдік мекемелер «дәрі жоқ» деп есіктен қайтарып жібереді екен. Салдарынан, эпилепсия, гипертония, сынды кеселмен ауыратын қарттар мен бүлдіршіндердің халі күрт нашарлаған. Өзін қоярға жер таппаған туыстары қымбат дәріні шетелден өздері сатып алуға мәжбүр болыпты. Мұны естіген министр таңданып қалды. Өйткені, қол астындағы қызметкерлері қымбат препараттардың науқастарға баяғыда таратылғанын айтыпты. Осылайша дәрілердің қайда кетіп жатқанынан хабарсыз боп шыққан министр емхана басшыларын тексеруді бастапты. Соған қарағанда, қымбат препараттар қолды болған болуы мүмкін. Әдетте әріптестеріне араша түсіп жүрген Біртанов дәрі ұрлығы анықталған жағдайда қандай шара қолданатынын айтпады.  

   Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-Есть много случаев, когда граждане говорят: "Мы лекарства еще не получали". То есть как так? Куда они уходят?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.