{metadescription}
Атматы облысында Әділет департаментінің қызметкерлері басшылықтың былығын жайып салды
Атматы облысында Әділет департаментінің қызметкерлері басшылықтың былығын жайып салды

Атматы облысында Әділет департаментінің қызметкерлері басшылықтың былығын жайып салды

Алматы облысы Әділет департаменті басшысының басы бәлеге қалып жатыр. Мейрамбек Қаныбековтың қол астындағылар бастықтың диктаторлық тәртіп орнатып, дегеніне көнбегендерді қудалайтынын айтады. Сондықтан олар шенеуніктің орнынан кетуін талап етіп, тәртіптік кеңеске ұжымдық арыз түсірген. Қылығы кеңесте талқыланған бастық болса, сүттен ақ, судан тазамын деп отыр. Алайда түрлі сылтау айтқан Қаныбековке комиссия мүшелері сенген жоқ.

Тәртіптік кеңесте бастықтан көрген қорлығын жіпке тізгендер аз болған жоқ. Айтуларынша, ол ұжымды өзінің ыңғайымен жүретіндер мен көңіліне жақпағандарға бөліп тастаған. Көбі екінші санатқа жатады. Міне соларды үнемі сыйақыдан қағып, қызметтік көліктерінен де айырған. Тіпті, қатыгез басшының қылығынан кейін қатты ауырып қалғандар да да бар екен.

Серік Омарбаев, Талдықорған қалалық АХАЖ бөлімінің маманы:

- 2017 жылдың басынан бері екі рет инсульт алдым. Ол болса, неге ауыра бересің деп тиіседі. Ауыру заңға қайшы ма сонда? Өлім ауызынан қалсам да, қудалауын қояр емес.

Кеңесте Мейрамбек Қаныбековтың осындай бір қызметкерін аузына келгенін айтып, жерден алып жерге салып жатқан сәтінің аудиожазбасы да тыңдалды. Алайда бастық ол кезде телефонмен баламды боқтап жатыр ем деп ақталды.

Мейрамбек Қаныбеков, Алматы облыстық әділет департаментінің басшысы:

-6 шы ақпан күні менің кабинетіме Қаратал ауданындағы басшы сұранбай, Талдықорған қаласынан 50 шақырым жерден келіп, аудиожазбамен келген келмегені басқа сұрақ. Мен ұлым қоңырау шалып, машинемді ұрып алдым деп. Сол ұлыма ескерту жасағанымды, ішінде ұлыма айтқан сөздерімді өзіне жазып, оны маған айтты деген. Оны қазір барлық ақпарат құралдарына беріп отыр. Осыны тексерулеріңізді сұраймын.

Тәртіптік кеңес мүшелері болса оның бұл сөздеріне сенген жоқ. Сондықтан, іс насырға шаппай тұрып Қаныбековты шұғыл түрде қызметінен босату керек деп тапты.

Әміре Әрін, ҚР мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тәртіптік кеңесінің мүшесі:

-Диктоторлық жұмыс стилімен, белден басып шешім қабылдауымен, облыстық департамен пен минситрлік қана емес, Алматы облысына кір келтіріп отыр. Біз енді осы арада бұл басшыны орнында қалдырсақ, бұл ұжымның жұмысы ғана құлдырамайды. Мыналардың барлығы тоз-тозы шығып, алды өледі айтпады демеңіз. Екі инфаркт алған адам мынадай зобалаңнан кейін, ертең бірдеңе болып жатса, кім жауап береді?

Кеңес мүшелерінің барлығы Мейрамбек Қаныбековты қызметінен кетіруді қолдап дауыс берді. Дегенмен, бұл кеңестің ұсынысы ғана. Сондықтан соңғы шешімді Әділет минстрлігі қабылдауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде