Астанада қымбат көлігімен адам қаққан атышулы экс-шенеунік сотталды
Астанада көлігімен адам қағып, мүгедек қылған экс-шенеунік сотталды. Статистика комитетінің бұрынғы бөлім басшысы Болат Молдағалиев әуелде талма ауруым ұстап қалды деп ақталмақ болған. Бірақ, сараптама сөздің өтірік екенін анықтап беріпті.
Автор: Ербол Тұрымбет
23.02.2018
Атышулы жол апаты былтыр Елорданың қақ ортасында, ірі сауда орталығының алдында болған. Статистика комитетінің 38 жастағы бөлім басшысы кәдімгі жолмен жүруге бәлсінсе керек. Сүліктей қара джипімен жаяулар жолағындағы келе жатқан екі жасөспірім қызды қағып, үшіншісін таптап өткен. Екеуі жеңіл жарақатпен аман қалса, соңғысы 24 жастағы Әсел Рымханованың жағдайы әлі қиын. Бірнеше жерден сүйегі сынған қызға 5 рет ота жасалып, көкбауырын алып тастады. Қазір үйінде емделіп жатыр. Ал қара Инфинитиі бас бермей кеткен экс-шенеунік бір жыл абақтыға қамалды. Сонымен бірге, үш жылға дейін көлік тізгініне жоламауы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!