{metadescription}
Елімізде қамауға алынған қырғыз депутаты Жамбыл облысының тумасы болып шықты
Елімізде қамауға алынған қырғыз депутаты Жамбыл облысының тумасы болып шықты

Елімізде қамауға алынған қырғыз депутаты Жамбыл облысының тумасы болып шықты

Елімізде қамауға алынған қырғыз депутатына қатысты тағы тың дерек! Бүгін Ішкі істер министрлігі де Дамирбек Асылбекұлының Қазақстан азаматы екенін растады. Азамат қана емес, ұлты да қазақ. Жамбыл облысы Қордай ауданында туған.

АЛМАС СӘДУБАЕВ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

-Оған Қазақстан республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты берілген. 2010-жылы құжаттардың мерзімі өтуіне байланысты оларды қайта жаңартқан. Анықталғандай Асылбекұлы Қазақстан республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бермеген. Қазір осы факт бойынша қызметтік тексеріс жүруде.

Құзырлы орындар атышулы депутатқа қатысты өзге ақпаратты әзірге ашып айтпай отыр. Оның шетел азаматы бола тұра, қалайша айырқалпақты ағайынның халық қалаулысы болып кеткені түсініксіз. Қазір Қырғыз елі осы сұраққа жауап іздеп, бас қатырып отыр. Әрі Дамирбек Асылбекұлы бір емес, 2009 және 2015 жылдары қатарынан екі рет Жоғары кеңестің депутаты болып сайланған. Парламентке келгенде жасы небары 28-де болыпты. Бірақ, қоғам белсенділері оның туған жылын да өзгерткенін әшкере қылған еді. Айтуларынша, Асылбекұлы 1981 емес, 1979 жылы дүниеге келген. Әрі шын аты Динарбек Сұпатаев екені айтылған. Бірақ, бұл мәліметтер әзірге ресми расталған жоқ. 37 жастағы халық қалаулысының өзі қазір қамауда. Ол өткен аптада кедендегі контрабандаға қарсы Алматы облысында жүргізілген арнайы операция кезінде ұсталып, екі айға қамауға алынған болатын. Қазір ол депутаттық мандатынан айырылғанын айта кетейік. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде